Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалына мемлекет МӘМС жарналарын төлейтін жеңілдікті санаттардың бірінің өкілдері ретінде студенттер үшін сақтандырылған мәртебесін алу мәселелерімен жиі жүгінеді.
Қор филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов біздің тілшімізге бұл мүмкіндік шетелде оқитын қазақстандықтар үшін қалай қарастырылғанын, сондай-ақ студенттердің неге кейде сақтандырылмайтынын түсіндірді.
Жеңілдік бойынша сақтандыру кімге беріледі?
МӘМС туралы заңға сәйкес (26-баптың 1-тармағының 13-тармақшасы), жасына қарамастан, күндізгі оқу нысаны бойынша оқитындардың барлығы (мейлі ол 18 жасқа толған мектеп оқушылары болсын, колледж, ЖОО немесе басқа да оқу орындарының студенттері болсын) азаматтардың жеңілдікті санатына кіреді, олар үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді.
Студенттер мемлекет есебінен сақтандырылған болып табылады және МӘМС пакетінде көрсетілетін медициналық қызметтерге қол жеткізе алады.
Қазақстанда оқитын студенттер үшін сақтандырылған мәртебесін алу алгоритмі:
Сақтандырылғандар мәртебесі Қазақстан аумағында оқитын азаматтарға жеңілдік ретінде беріледі және олардың деректері оқу орнының ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Ол, өз кезегінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы Ұлттық білім беру деректер базасымен (ҰБДҚ) біріктірілген.
Деректерді енгізуге студенттер оқитын оқу орындарының әкімшілігі немесе деканаттарының қызметкерлері жауапты болады. ЖСН, Т.А.Ә., оқу кезеңі және оқыту нысанын дұрыс толтыру міндетті шарт болып табылады. Егер бұл жолдар дұрыс толтырылмаған жағдайда, онда сақтандырудың жеңілдетілген мәртебесі автоматты түрде берілмейді.
Егер отандық ЖОО студенті сақтандырылмаған болса не істеу керек?
Мәртебе ҰБДҚ-да студент туралы тиісті ақпараттың болуына байланысты берілетіндіктен, сіз өзіңіздің оқу орныңыздағы жауапты қызметкерге хабарласып, ақпараттық жүйеде деректерді тексеруді сұрауыңыз қажет. Кейде ақпараттың жаңартылмағаны анықталады.
Оқу орындарына арналған жадынама:
– Оқу орнының ақпараттық жүйесіне білім алушылар туралы мәліметтерді (оның ішінде оқу жылы ішінде келгендер бойынша) уақтылы және дұрыс енгізу қажет, өйткені студенттерге ҰБДҚ-да біріктірілген деректердің болуы арқылы жеңілдік мәртебесі беріледі.
– Егер бір жылдың ішінде білім алушы оқудан шығарылса немесе басқа оқу орнына ауыстырылса, онда ол туралы мәліметтерді өзінің оқу орнының ақпараттық жүйесінен алып тастау қажет.
– Егер оқу орнының ақпараттық жүйесінде оқуды бұрын аяқтаған білім алушылар туралы деректер болса, оларды аталған жүйеден шығару қажет, өйткені бұл адамдар жұмысқа орналасу кезінде МӘМС жарналарын төлей алмайды.
Есіңізде болсын: Білім алушылардың МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу мүмкіндігі ақпараттық жүйеде олар туралы мәліметтердің дұрыс және уақтылы толтырылуына байланысты болады.
Шетелде оқитын қазақстандықтар үшін сақтандырылған мәртебесін алу алгоритмі:
Шетелдік оқу орындарында оқитын қазақстандық күндізгі оқу нысанының студенттері МӘМС жүйесінде сақтандырылған тұлғалардың автоматты түрде жеңілдік мәртебесін ала алмайды. Ол үшін олар жүйеге өздігінен тіркелуі керек.
Ол үшін электрондық үкімет порталындағы egov.kz сервисін пайдалану қажет:
1. Ізденіс жолына келесіні енгізу: «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу».
2. Ашылған терезедегі өтінішті толтыру және оқуды растайтын құжаттарды қоса беру қажет.
3. Өтінішке ЭЦҚ көмегімен қол қою.
4. Көптеген жағдайларда сақтандырудың жеңілдікті мәртебесі жолдарды дұрыс толтырған жағдайда 10 жұмыс күні ішінде беріледі.
5. Егер сақтандырудың жеңілдікті мәртебесін беру көрсетілген мерзім ішінде орындалмаса, онда ҚР Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық департаментіне жүгіну қажет. Әр семестр аяқталғаннан кейін сақтандыру мәртебесін тексеру және оқудың өзектілігін растау қажет екенін есте ұстаған жөн, өйткені дерекқордағы мәліметтер өзгеруі мүмкін.
Кері байланыс
Өкінішке орай, күндізгі нысанда оқитын студенттердің барлығы МӘМС туралы заң бойынша өздерінің жеңілдік берілгендер санатында екендігін және МӘМС-ке жарналар мен аударымдарды төлеулері қажет еместігін біле бермейді. Әсіресе шетелде білім алып жүрген студенттер. Сондықтан Қор мемлекет есебінен олардың МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебеге ие екендіктерін тағы да еске салады.
Егер студент көрсетілген тәсілдермен жеңілдік мәртебесін ала алмаса немесе мәртебесінен айрылып, оқу орнының қабырғасында шешім таба алмаса, онда ол өтінішті Қордың кеңсесі арқылы пошта арқылы жібере алады: kanc@fms.kz немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы. Қор өзіне жүгінген тұлғаға сақтандырылған мәртебесін беру үшін ҚР Білім және ғылым министрлігімен, ҚР Сыртқы істер министрлігімен ынтымақтастықта қажетті жұмысты жүргізеді.
Егер сұрақтарыңыз болса, Қорға келесі қол жетімді байланыс арналары арқылы хабарласа аласыз: fms.kz ресми сайты, 1414 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 және Telegramдағы Saqtandyry-Bot мобильді қосымшасы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!