Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Жұма, 15 қараша, 04:35

Тәртіпсіздік құны – 11 625 еуро

08.07.2022

453

0

Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) Ұлттар лигасы аясында елордада өткен Қазақстан – Словакия ойынында жанкүйерлердің тәртіпсіздігі үшін Қазақстан футбол федерациясына айыппұл салды. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады.  

«Қазақстандық жанкүйерлер ҚФФ тарапынан қоғамдық тәртіп пен жарыс ережелерін қатаң сақтауға қатысты айтқан үндеулеріне қарамастан Словакиямен өткен матчта трибунадан жасыл алаңға әртүрлі зат лақтырды. Бұл әрекеттер матч делегатының есебіне тіркеліп, УЕФА тәртіптік-бақылау және әдеп инстанциясының жиынында қаралды. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан футбол федерациясына 11 625 еуро айыппұл салынды», делінген ҚФФ хабарламасында.

Айта кетейік, УЕФА Қазақстан құрамасын жанкүйерлердің тәртіпсіздігі үшін бірінші мәрте жазалап тұрған жоқ. Бұған дейін нау­рыз айында Молдовамен өткен ойыннан кейін де 19 250 еуро көлемінде айыппұл салған болатын. Егер мұндай жағдай алдағы ойындарда да қайталанатын болса, онда УЕФА Қазақстан құрамасының кейінгі матч­тарына жанкүйерлерді кіргізбеу туралы шешім шығаруы да ғажап емес.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: