Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Бейсенбі, 12 желтоқсан, 09:11

Тәулігіне 7 сағаттан аз ұйықтайсыз ба? Онколог оның қауіпті салдарларын айтты

08.06.2023

4074

0

Көпшілік күн тәртібін сақтамайды. Жұмыс, бала, туысқандар, достар, үй шаруалары – бәріне үлгеру керек. Түн ортасында жататындар да бар. Ұйқы қанбауының зияны жайлы бәрі біледі, бірақ олар жиі оның салдарының көлемін түсіне бермейді. Бұл жайлы онколог Иван Карасаев Doctorpiter порталына айтып берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Егер әркез ұйқыңыз қанбаса, ол мынадай салдарларға әкеледі:

Есте сақтау мен когнитивті функциялар нашарлайды. Егер үнемі 6 сағат немесе одан аз уақыт ұйықтайтын болсаңыз, бұл сіздің ойлау қабілетіңізге әсер етеді. Адам үйреншікті нәрселердің өзін жасауға қиналады және басы ауырып бастауы мүмкін.


Мотивация жоғалады. Ұйқы қанбаса, мотивация жоғалып, барлық нәрсе маңызды емес болып қалады. Тек тездетіп ұйықтағыңыз келіп тұрады. Бұл жоспарларыңызға әсер етеді.


Эмоциялық жағдай нашарлайды. Мазасыз бола түсесіз, өзін-өзі бағалауыңыз мен көңіл күйіңіз түсіп кетеді.


Артық салмақ қосылады. Ұйқы қанбағаннан аштық сезімі пайда болады. Себебі ұйқы кезінде біздің майлы жасушалар лептин гормонын бөледі. Ал бұл гормон тоқтық сезіміне жауап береді. Артық салмақ – қатерлі ісік дамуына әсер ететін факторлардың бірі.


Арықтау қиынға соғады. Тамақтануыңызды бақылап, бірақ дұрыс ұйықтамасаңыз, артық салмақтан арылу қиынға соғады.


Жалғыздық сезімі пайда болады. Ұйқы қанбаған кезде әлеуметтік байланысқа жауап беретін ми бөліктері қиналады. Сол үшін басқаларға араласқыңыз келмейді және жалғыздық сезімі артады.


Ұйқының қанбауы мен онкология байланысы

Мелатонин ұйқы гормоны қабынуға қарсы әсерге ие. Ол иммунитетті ынталандырады және ерте қартаюмен тікелей байланысты. Мелатонин қаншалықты көп бөлінсе, адам соншалықты баяу қартаяды.

«Гормон мен қатерлі ісік арасындағы байланыс туралы көптеген зерттеулер жүргізілді. Мысалы, түнде жұмыс істейтін әйелдердің мәліметтерін зерттеген: олар бүгін күндіз, ал ертең түнде жұмыс істейтін болған», – дейді дәрігер.

Түнде жұмыс істейтін әйелдерде мына қатерлі ісіктердің даму қаупі бар екені анықталды:

сүт безі қатерлі ісігі;
аналық бездер қатерлі ісігі;
тоқ ішек қатерлі ісігі.
Зерттеу нәтижесі бойынша, мелатонин онкосупрессиялық функцияға ие. Яғни, ол ағзада дамитын «жаман» жасушаларды баса алады. Ал егер аз ұйықтасаңыз, мелатонин қажет мөлшерде бөлінбейді, сәйкесінше, қатерлі ісік қаупі де артады.

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: