Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Жұма, 10 мамыр, 16:33

Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары лауазымына тағайындалды

08.06.2023

835

0

Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Бүгін Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында премьер-министрдің орынбасары лауазымына Тамара Босымбекқызы Дүйсенованың кандидатурасы келісілді. Бұл «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды. Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды», – делінген хабарламада. 

Еске салайық, бүгін Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатылғанын хабарлаған едік.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова 1965 жылы Сарыағаш ауданында дүниеге келген.

Еңбек жолын Сарыағаш ауданында мектеп мұғалімі болып бастаған.

1988 – 1992 ж. Өзбекстан Мемлекеттік жоспарлау комитетінің есептеу орталығының экономика ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер;

1992 – 1993 ж. Сарыағаш аудандық әкімшілігінде аға экономист;

1994 – 1999 ж. әкімнің кеңесшісі, орынбасары, бірінші орынбасары;

1999 – 2002 ж. облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2002 жылғы қыркүйектен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі. 2008 жылғы қаңтарынан бері – ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: