Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 02:54

Ташкенттен оралған боксшыларымызды Астана әуежайында сән-салтанатпен күтіп алды

15.05.2023

392

0

Қазақстандық жанкүйерлер Астана әуежайында әлем чемпиондары атанған Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай мен Махмұд Сабырханды және күміс жүлде иеленген Дулат Бекбауовты, сондай-ақ ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановты сән салтанатпен күтіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спортшыларымызды Мәдениет және спорт министрлі Асхат Оралов та әуежайдан қарсы алды.

Естеріңізге сала кетейік, Санжар Тәшкенбай (48 кг), Махмуд Сабырхан (54 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг) және Нұрбек Оралбай (80 кг) әлем чемпиондары атанса, Дулат Бекбауов (67 кг) күміс медаль еншіледі.

Аталған марапаттар үшін қазақстандық боксшылар халықаралық бокс қауымдастығынан (IBA) қомақты қаражат алады. Мысалы, алтын – 200 000 долларға, күміс – 100 000 долларға бағаланады.

Сонымен қатар, Қазақстан бокс федерациясы да чемпиондарды құр алақан қалдырмай, қосымша 100 000 доллардан төлейді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Ташкентте 4 алтын, 1 күміс медальді қоржынға салып, жалпы есепте 2-орын алды.

Жалпы, Қазақстан 1993 жылдан бері егемен ел ретінде осымен 16 рет әлем чемпионатына былғары қолғап шеберлерін жіберді. Қазір еншімізде 18 алтын, 16 күміс, 22 қола жүлде бар. Осының арқасында жалпы ӘЧ тарихындағы медаль есебінде Қазақстан АҚШ-ты басып озып, 3-орынға көтерілді. Бірінші орынға – Куба, екінші орынға Ресей мемлекеттері жайғасқан. Ұлттық құрама осыған дейін тек 2013 жылы Алматыда өткен дүниежүзі бәсекесінде 4 алтынға ие болған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: