«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауданда тазалық жұмыстары жалғасуда. Мекеме қызметкерлерімен бірге көше тұрғындары да санитарлық тазалау жұмыстарына атсалысты.
Аудан әкімі Ардақ Ибраимов акция аясында ұйымдастырылған жұмыстарды бақылап, жауапты сала басшыларына санитарлық тазалау жұмыстарын тиімді жүргізуді тапсырды.
Акция кезінде кенттің негізгі көшелері мен жаяу жүргіншілер жолдары тазартылып, көше бойындағы ағаштар әктелді.
Көше бойындағы аяқсу қарықтарын тазалау жұмыстары да жалғасын тауып, қоқыс қалдықтары арнайы техниканың көмегімен белгіленген орындарға шығарылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!