Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Дүйсенбі, 26 қыркүйек, 05:50

Төрт күндік жұмыс ­аптасы кімдерге арналады?

20.09.2022

37

0

Келер жылдан бастап еліміз 4 күндік жұмыс аптасына көшуі мүмкін. Бұл жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы келісім негізінде жасалмақ.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге осындай өзгерістер енгізуді ұсынған. Соған сәйкес тараптардың келісімі бойынша төрт күндік жұмыс аптасын белгілеуге жол беріледі. Бірақ еңбек шартына сәйкес бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасымен кезектесу құқығы да ескерілген.

Бір айта кетерлігі, қысқа мерзімді жұмыс аптасы жұмысшылардың барлығына арналмайды. Отбасының науқас мүшесіне, үш жасқа дейінгі баласы бар ата-аналардың біріне, он төрт жасқа дейінгі баланы, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналарға, зейнеткерлік жасқа екі жылдан кем уақыт қалған не зейнеткерлік жасқа жеткендерге ғана мүмкіндік беріледі. Оның өзінде тек тараптардың келісімі бойынша бірлесіп шешім қабылданады.

Бұл ретте толық емес жұмыс кестесі қызметкердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы мен еңбек өтілінің есептелуіне әсер етпейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: