Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:02

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ БОЙЫНША ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ

05.07.2022

832

0

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың ҚР Парламентінің 2021 жылғы VII шақырылымының бірінші ашық сессиясында сөйлеген сөзінде «Адам өмірінің негізі денсаулығында – денсаулық тек ұлттың болашағына құрамдалған болуы тиіс» деген. Осы ұстанымды жүзеге асыру мақсатында аудан көлемінде бұқаралық спорт түрлерін дамытуға жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келеді. Осы орайда, бүгін партияның аудандық филиалының мәжіліс залында Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Қаншагүл Мұстафаеваның төрағалығымен фракция отырысы болып өтті. Аталмыш отырысқа аудандық маслихат хатшысы Гүлзат Құрманбаева қатысты. Күн тәртібінде «Жалағаш ауданы бойынша дене шынықтыру мен спорт саласының дамуы және оны қолдау шаралары туралы мәселесі қаралды. Күн тіртібіне қойылған мәселе бойынша Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Жамалатов аудан бойынша атқарылып жатқан жұмыс бойынша хабарлама жасады.


Аудан әкімдігі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі және кент әкімімен бірлесіп жеке адамдарды көпшілік демалу орындарында спортпен шұғылдану үшін спортты қолжетімді инфрақұрылым бағытын дамытуға тиісті жұмыстар жасап келеді.


Атап айтқанда, кент орталығындағы Абай көшесінің бойына, ескі Сейтнәби Мұқашев паркінің жанында, Қазбек би, Алдаберген Бисенов көшелерінің бойында, Қонысбек Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінің қасында, аудандық «Наркескен» спорт клубы ауласына балалар мен ересектерге арналған ойын және жаттығу құрылғылары алаңы орнатылды. Алдағы уақытта бұл жұмыстар өз жалғасын табатын болады.


№13 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және №14 балалар жасөспірімдер спорт мектебі, аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты аудандық «Наркескен» спорт клубы, Бодыбай Кұлтекенов атындағы жабық бассейні аудандық облыстық, республикалық деңгейдегі спорттық маңызы бар іс-шараларды өткізіп келеді. Атап айтар болсақ, Мөрәлі Шәменов, Болат Алтынбаев, Болат Ноғаев атындағы республикалық турнирі, дзюдо, қазақ күресі, Алмас Досымов атындағы аудандық гір тасын көтеру турнирі, волейболдан жауынгер интернационалист Әбжанов Серікті еске алуға арналған турнирлер тұрақты өткізіліп келеді.
Бес асықтан қыздар құрама тобы 13-14 жас аралығында өткен облыстық біріншілікте чемпион атанып, Ақмола облысы, Көкшетау қаласындағы ҚР Чемпионатына жолдама алды.


Кентте орналасқан Өмірбай шешен көшесі, С.Отарбаев көшесі, С.Қалыбаев көшесінің батыс бөлігі, Бұхарбай батыр көшесінің шығыс бөліктеріне көше жаттығу алаңдарын салу.
2023 жылға дейін аудан тұрғындарының бұқаралық спортпен шұғылдануын басты назарда ұстау мақсатында түрлі спорттық жарыстарды ұйымдастыру, ауданнан шыққан мықты спортшыларымызды және аудан спортын дамыту жолында аянбай жұмыс жасап, нәтижеге қол жеткіземіз деген сенім білдіремін.
Жалағаш кенті мен Ақсу ауылдық округі аралығынан ипподром салынуға ықпал жасау.
13 Олимпиадалық резервтік мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директорының міндетін атқарушы Есқара Сералиев аталған спорт мектебінің 2022 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстарын баяндады.
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламаларын іске асыру жөніндегі Жол картасында 2025 жылы халықтың бұқаралық спортпен шұғылдануын 35,3 пайызға жеткізу жоспары белгіленген. Қазіргі таңда аудан көлемінде 11985 тұрғын бұқаралық спортпен тұрақты түрде айналысып, бұл жалпы тұрғындардың 34,0 % құрап отыр.
Бүгінгі отырысқа қатысушылар тарапынан баяндамашыларға аудан бойынша спорт саласының дамуы бойынша сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: