Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сәрсенбі, 09 қазан, 12:45

Жалағаш ауданында ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамуда

29.07.2022

1431

0

Биыл Жалағаш ауданында 35 мыңнан астам гектар жерге егін егілді. Ал басты дақыл күріштің көлемі – 18 501 гектарды құрады. Сондай-ақ, ауданның егіс алқабында алғаш рет 73 гектарға қант құмайы мен 2,5 гектарға қант қызылшасы егілді. Бұл ауданда егін шаруашылығымен қатар мал шаруашылығы да тұрақты дамуда. Әсіресе төрт-түлік санында айтарлықтай өсім қалыптасқан.

-Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан тұрғындарын егіншілікпен айналысуына жағдай жасау мақсатында ауданымызда 250 гектар жер дайындалып, 802 отбасыға бөлініп берілді. Шаруа қожалықтарын жаңа техникалармен қамтамасыз ету үшін 25 дана жаңа құрылғы сатып алында.Ал мал шаруашылығында біршама өсім байқалады. Атап айтсақ, мүйізді ірі қара – 4,1 пайызға, жылқы – 33,9 пайызға, түйе – 2,5 пайызға көбейді. Осы ретте ет өнімі – 0,7 пайызға, ал сүт өнімі – 1,3 пайызға артты. Алдағы уақытта ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған тиісті жұмыстар жалғасатын болады, – деді Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжанов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: