Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Дүйсенбі, 06 мамыр, 14:53

Жалағаштықтар тазалау жұмыстарына белсенді қатысты

03.09.2023

190

0

Кеше Жалағаш ауданы бойынша сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Аудан әкімі Асқарбек Есжанов сенбілік жұмыстарымен танысып, жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

Бөлінген аймақтар бойынша тазалық жұмыстарын жүргізу және туған жерді көркейту үшін тұрғындарды да белсенділікке шақыру керектігін айтты. Әр бір үйдің ауласы және сыртқы келбеті  әрленіп, көгалдандыру жұмыстарымен айналысуы аудан тазалығына қосқан үлкен үлес болатынын жеткізді.

Сондай-ақ, кент және ауылдық округтерде қоқыс жәшіктері орналастырылып, арнайы тасмалдаушы техникалар жұмылдырылды.

Бөлінген аймақтар мен көшелер күл-қоқыстан тазартылып, әктеу, сырлау, қарықтардың су өткелдерін тазалау жұмыстары жүргізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: