Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

31°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 15:12

Жастар бос уақытын қалай пайдаланады?

13.03.2021

647

0

Жастар арасындағы мәдениет деңгейін анықтау үшін олардың бос уақытты қалай өткізетінін зерттеу керек. Бос уақыт жеке тұлғаның қалыптасуына әсер етеді, адам хобби арқылы қоғамдық өмірге және жалпы мәдениетке араласа бастайды.

Жастар өзінің қажеттіліктері мен құндылық бағдарына қарай бос уақытты өткізудің алуан түрін таңдайды. Жастардың бос уақыты құрылымындағы ең танымал іс-әрекет – айналасымен байланыс. Респонденттер аптасына 10 сағаттан астам уақытты отбасы (37,7 %) және достарымен (8,9  %) өткізеді. Уақыт мөлшері бір сағаттан 10 сағатқа дейін өзгерсе де, бұл екі санат тең дәрежеде өзгеріссіз қалып отыр.

Жастар аптасына 1-3 сағат өз бетімен білім алып (25,9 %), спортпен (24 %) айналысады. Жастардың төмен белсенділігі волонтерлік және шығармашылық қызметте байқалады.

«Жастар» ҒЗО жүргізген сараптамалық фокус-топтық зерттеудің сарапшылары жастардың спорт секцияларына, сауықтыру үйірмелеріне шектеулі қол жеткізу (оның ішінде қаржылық тұрғыдан) проблемасына, көшедегі спорт алаңдары аздығына назар аударды. Бұл жастардың жалпы денсаулық жағдайына теріс әсер етеді. Спорт ғимараттарының коммерциялануы жағдайды күрделендіре түскен. Спорт ғимараттарына қол жеткізу проблемасы өңірлерде, ауылдық жерлерде өте өзекті.

Жастар бос уақытының маңызды бөлігі – интернет. Бұл қолданушыларға ақпарат іздеу және алу, білім, кәсіби қызмет, қарым-қатынас және т.б. көптеген қажетін өтеуге мүмкіндік беретін дүние. Сондықтан интернет – уақыт өткізудің бір түрі, жастардың едәуір бөлігі күн сайын дерлік қолданатын қажеттілік.

Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, жастардың көпшілігі (42,7 %-ы) күн сайын 2-5 сағаттан астам уақытын интернетте өткізеді. Респонденттердің 27 %-ы интернетке күніне 1-2 сағат, 24,9 %-ы алты сағаттан артық уақыт бөледі. Респонденттердің 1,4 %-ы ғана интернет қолданбайтынын айтқан.

Сондай-ақ, сауалнама жастардың интернетті әртүрлі мақсаттарда қолданатынын көрсетті. Респонденттердің жартысынан көбі оны достарымен араласу үшін (59,3 %-ы), 45,5 %-ы көңіл көтеруге, 44 %-ы әлеуметтік желілерде уақыт өткізуге, ал 42,5 %-ы жаңалық көру, оқу үшін қолданатынын айтты. Респонденттер атап өткендей, интернет оларға оқу (31 %-ына) және жұмыс істеуге (25,8 %-ына) қажет.

Бұл мәселені жас топтары тұрғысынан қарастыру орташа тенденцияларға қатысты кейбір айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен, барлық жастағы топтар үшін интернеттегі достармен байланыс бірінші орында тұр. Қазір заманауи жастардың бос уақытын зерттеу жастардың денсаулығын немесе құндылық бағдарларын зерттеу аясында шағын бөлімдермен шектелген. Дегенмен, бос уақытты өткізу ерекшеліктері жастарға үлкен әсер етеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: