Қазақстанның Көкпар федерациясы Қырғызстан Көкбөрү федерациясының қарымта ойынға шақыртуына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қырғызстанның Көкбөрү федерациясы Қазақстан көкпаршыларын 1 қараша күні Ыстықкөл жағасында қарымта ойын өткізуге шақырған еді.
Еске сала кетейік, Астанада өткен Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында Ұлттық құрама Қырғызстанның көкпаршыларынан басым түсіп, жеңіске жеткен еді. Бірақ ойын барысында ұлттық құрама спортшысы қарсыласын қамшымен ұрып, ойынның арты дауға ұласқан.
«Көпшілік мұны 5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының финалы бойынша қарымта кездесу деп ойлап жүр. Қырғызстан тарапы ашық турнирге қатысуға шақырды. Ескере кететін жайт, бұл турнир біздің күнтізбелік жоспарымызда жоқ. Ол уақытқа өзіміздің басқа турнирлеріміз қойылған. Алдағы уақытта Қырғызстан тарапы көкпардан әлем чемпионаты немесе халықаралық турнирлерге шақырған жағдайда диалог жүргізуге әзір екенімізді жеткіземіз. Бұл қуантарлық жағдай. Ұлттық ойынымыздың деңгейі бір саты көтерілгендігінің белгісі ретінде қабылдаймыз», деді Қазақстанның Көкпар федерациясы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!