Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

30°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 18:09

Жүйелі жұмыстар нәтижесін береді

13.02.2021

302

0

Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталған азаматтардың және мерзімінен бұрын босап шыққан сотталушылардың қайта қылмыс жасауын болдырмау үшін алдын алу шараларын үздіксіз жүргізу қажет. Осы орайда Жалағаш ауданында қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталған азаматтарды бақылауға алып, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық көмек көрсетіп, жұмыспен қамтуға септесетін пробация қызметі жұмыс істейді. Осы мақсатта Қызылорда облысы прокурорының орынбасары әділет аға кеңесшісі Д.Катаев жұмыс сапарымен ауданда болып, пробациялық бақылаудағы азаматтардың жағдайымен танысты.


Алдымен полиция және пробация бөлімінің қызметкерлерімен кездесіп, пробация аға инспекторы, әділет майоры Еркебұлан Асқаровтың баяндамасын тындады. Есептегі азаматтармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу үшін нақты іс жоспарларды бекітті. Оларды жұмысқа орналастыру, кәсіп ашуға мүмкіндік жасау, ем қабылдау, психологиялық, әлеуметтік көмек алу мүмкіндіктерін үйлестіру қажеттігі баса айтылды. Одан соң Қызылорда облысы прокурорының орынбасары әділет аға кеңесшісі Д.Катаев пробациялық есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайына барып, жағдайларымен танысып, сұхбаттасты. Сотталғандарға қандай да заңдылықты түсінбеушіліктер болған жағдайда аудандық прокуратураға жүгінуге болатынын ескертілді. Ал аудандағы пробация бөлімінің қызметкерлеріне есептегі азаматтарды үнемі бақылауда ұстап, қажетті көмек көрсету шараларын жүргізу жөнінде тапсырма жүктелді. Сонымен бірге аудандық прокуратура пробация қызметкерлерімен бірігіп жұмыс істеуінің нәтижесінде 2021 жылдың 1-ші айында қайталап қылмыс жасау дерегі орын алмағанын атап өтті.

Айта кету керек, қазіргі таңда аудан бойынша 47 азамат пробациялық бақылауда.

Е.Ануарұлы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: