Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

14°C

, Бейсенбі, 28 наурыз, 17:22

ЖОЛДАУ – ЕЛ ДАМУЫНА АРНАЛҒАН БАСТЫ ҚҰЖАТТАРДЫҢ БІРІ

26.09.2022

1541

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арналған жолдауын насихаттау мақсатында М.Шәменов ауылында кездесу болып өтті. Аталмыш жиынға «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі, партия ардагері Қалдыгүл Дәулет және аудандық партия фииалы жанындағы «Аумақты дамыту» мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі Байжанов Жантас қатысып, Жолдауда айтылған нақты басымдықтарына тоқталды.

Мемлекет басшысының халықтың көкейінде жүрген мәселелерді көтеріп, оларды шешу бойынша нақты тапсырмалар берді. Ендігі кезекте біздің бірлігіміз маңызды. Әділетті Қазақстан құруда баршаңызды бір болып, ел игілігі жолында жұмыс жасауға шақырамын – деді партия ардагері Қалдыгүл Дәулет.

Жолдауда Мемлекет басшысы «Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі» деп атап өтті. Бұл еліміздегі жұмыссыздар санын азайтуға зор септігін тигізеді деп есептеймін. Сонымен бірге, Президентіміз «Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынамын. Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады, оны мерзімінен бұрын есепшоттан шығарып алуға болмайды. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалатын болады. Бұл қаражат өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басуына мүмкіндік береді. Қор, шын мәнінде, ұлттық мәртебеге ие болып, халқымыздың игілігіне қызмет етеді. Бастаманы мұқият әзірлеу қажеттігін ескере отырып, жобаны 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосуды тапсырды. Мемлекет басшысының ел көкейіндегі жүрген зейнетақы мәселесін көтеріп, көптің көңілінен шықты. Ендігі кезекте Жолдауда қойылған мақсат-міндеттердің жүзеге асуына баршаңызды бірлесе жұмыс жасауға шақырамын – деді Байжанов Жантас.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: