Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Бейсенбі, 12 желтоқсан, 08:34

БҰҰ бас хатшысы маңызды мәлімдеме жасады

12.03.2021

687

0

2020 жылдың соңында әлемде 88 миллион адам аш болды. Болжам бойынша 2021 жылы бұл көрсеткіш өседі, деп мәлімдеді БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш.

«2020 жылдың соңында әлемде 88 миллион адам аштық көрді. Қақтығыстар мен тұрақсыздық салдарынан бұл сан бір жылда 20 процентке артты. 2021 жылы көрсеткіш өсе береді», – деді Гутерреш.

Оның айтуынша, климаттық өзгеріс пен COVID-19 пандемиясы жағдайды ушықтырып отыр.

«Шұғыл шаралар қабылданбаса, миллиондаған адам аштық пен өлім жағдайында болады. Болжам бойынша бұл жағдай Сахель және Африканың шығыс аймағымен өтіп, Оңтүстік Судан, Йемен жне Ауғанстанда жедел тарайды. Әлемнің отыз елінде 30 миллионнан астам адам аштық жағдайында өмір сүріп жатқанын жариялаудың аз-ақ алдында тұр», – деді бас хатшы.

Йеменде бесжыллдық қақтығыс салдарынан 4 миллион адам үйін тастап кетуге мәжбүр болған.

Өткен жылы Конго Демократиялық Республикасында іауқымды азық-түлік дағдарысы болды. Шілде-желтоқсан айларына 21,8 миллионға жуық адам аштық жағдайында қалды.

Sputnik

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: