Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Жұма, 15 қараша, 04:27

Ресей сыртқы қарызы бойынша дефолтқа ұшырады

27.06.2022

384

0

Ресей соңғы жүз жылда алғаш рет сыртқы қарызы бойынша дефолтқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz BBC News-ке сілтеме жасап.

27 мамырда 100 миллион доллар көлемінде процент төлемі төленуі керек болған. Ресей тарапы ақша Бельгияның «Euroclear» қаржы қызметтері компаниясына жіберілді деп мәлімдеді. Содан кейін ол төлем инвесторлар арасында бөлінуі тиіс болатын. Алайда төлем бұғатталып, кредиторлар дивидендтерін алмаған. Ақша төлем жасалған күннен бастап 30 күн ішінде түспегендіктен бұл дефолт деп саналды.

«Euroclear» барлық санкцияларды ұстанатынын мәлімдеді.

Ресей үкіметі өз төлемдерін уақытында жасағысы келетінін, 40 млрд долларға жуық ресей қарызы доллармен немесе еуромен белгіленген, оның жартысы елден тысқары жерде екенін айтты.

Кремль 23 маусымда қарыз бойынша барлық төлемдер шартта доллармен немесе басқа да халықаралық валютамен көрсетілсе де, Ресей банкі арқылы рубльмен жүргізілетіні туралы бұйрық шығарған. Бұл дефолт Ресей үшін қағаз жүзіндегі соққы. Дефолт жариялаған елдерге әдетте қарыз берілмейді, бірақ Ресейге санкцияларға байланысты батыс нарығында онсыз да қарыз беруге тыйым салынған.

Ресей соңғы рет сыртқы қарызы бойынша дефолтты 1918 жылы жариялады. Ол кезде коммунистердің көшбасшысы В.Ленин большевиктер революциясы кезінде Ресей империясының қарызын төлеуден бас тартқан болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: