28 мамыр Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі өтті. Сайлау қорытындысы бойынша Режеп Тайип Ердоған жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Түркияның жоғары сайлау кеңесі президент сайлауының нәтижесін жариялады. Қорытынды бойынша Режеп Тайип Ердоған 52,16 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті.
Ал Кемал Кылычтароғлыға сайлаушылардың 47,84 пайызы дауыс берген.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентін жеңісімен құттықтады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!