ҚР басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, таулы аудандардың оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, дауыл тұрып, жауын-шашын (жаңбыр, жабысқақ қар), бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет.
ҚР батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. ҚР батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.
Жамбыл, Қызылорда, Атырау обылысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, орталығында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!