Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 12:05

Жалағаш ауданындағы 3 мектепке 4 миллион теңге сыйақы берілді

29.08.2023

471

0

Жалағаш ауданының білім беру қызметкерлерінің педагогикалық тамыз кеңесі өтті. Кеңесті аудан әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов ашып, жүргізіп отырды.

Сонымен қатар, кеңеске Қызылорда облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Даулетова Ғалия Ноғайқызы, облыстық білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Есенбаев Бекжан Шакизатұлы және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтының Педагогикалық әдіснама және инновациялық кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Ешимова Ұлтай Зікірқызы арнайы қатысып, баяндама жасады.

Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Садықов Талғат Құрақбайұлы Жалағаш ауданында білім беру саласы бойынша атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттерге тоқталып өтті.

Өздеріңізге белгілі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі бастамасымен «Президенттік жастар кадрлық резерві» білім берудегі көшбасшыларды даярлау, іріктеу тетігін әзірлеу және бекіту бойынша пилоттық режимде жоба іске қосылып, жұмыстары басталды. Оқу-ағарту министрлігінің жанынан білім беру ұйымдарының бірінші басшыларының кадрлық резерві жасақталуда.

Осы орайда, кадр резерві кезеңдерінен өтіп, қазіргі таңда тағылымдамадан өтіп жатқан үміткер Зейнолла Жарқынбаев атындағы №202 мектеп директорының орынбасары Каналхан Ермұрат Ғаниұлы өз біліктілігімен бөлісті.

«Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары да жоспарға сәйкес жүргізілді. 2023-2024 оқу жылын 20 мектеп 7150 оқушымен бастағалы отыр.Биылғы жылы аудандағы №123 мектеп-лицейге қосымша 200 орындық ғимарат салуғажәне №31, №33 мектептерді күрделі жөндеуден өткізуге жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, облыстық білім басқармасына 1 млрд. 971 млн. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды.«Білімді Ұлт» сапалы білім беру Ұлттық жобасында осы міндетті толық орындау жоспарланып отыр.Өткен оқу жылында білім беру ісінде үздік нәтижелерге жеткен Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейіне 1 млн. теңге жүлде табысталса, биылғы жылы саланың дамуына үлес қосқан3 мектепке материалдық базасын нығайтуға 4 млн. теңгеден жүлде тағайындалып отыр.Бұл бастама мектеп ұжымдарын ынталандыру мақсатында алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасын табатын болады.Сондықтан, құрметті ұстаздар, нәтижелі еңбек етуде, дарынды оқушылардың білімін шыңдауда аянып қалмаңыздар дегім келеді» деді Арнұр Нұрмағанбетов.

Білім беру қызметкерлерінің педагогикалық тамыз кеңесінде дарын оқушылар мен ұлағатты ұстаздардың білім тәжірибесінің көрмесі таныстырылды.

Сондай-ақ, үздік білім қызметкерлері мен білім беру ұйымдары Қызылорда облысы әкімі орынбасарының «Алғыс хатымен», Қызылора облыстық басқарма басшысының «Құрмет грамотасымен», Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының «Алғыс хатымен», Жалағаш ауданы әкімінің «Алғыс хатымен» және «Білім шыңы» , «Үздік инновациялық мектеп», «Үздік жаңашыл мектеп» номинацияларымен марапатталып, 3 мектепке 4 000 000 тг сыйақы берілді. Үздіктер бас қосқан жиында Әл Фараби атындағы №201 мектеп-лицейінің әуез пәнінің мұғалімі Орынбаева Айкүміс Телғарақызына Жалағаш ауданының «Құрметті азаматы» атағы табысталды.

Ұстаздың еңбегі, берілген білім ешқашан өлмек емес. Терең білім адам баласына өмірлік нұсқа. Бұл кездесуде айтылған мәселелер – жай ғана сөз емес, келешегімізді кемел, елдігімізді мәңгі етуді көздейтін мемлекеттік көзқарас және азаматтық ұстаным.

371780935_1764880030630734_4962286112207805720_n.jpg
371102721_1764880347297369_7737031363939060527_n.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: