Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-0°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 07:31

Париж-2024: Қазақстан медальдар есебінде нешінші орында тұр?

04.08.2024

281

0

Қазақстан Париж Олимпиадасының сегізінші жарыс күнінде күміс медаль алғанына қарамастан, медальдар есебінде төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кешегі жарыс күнін ұлттық команда 25-орында бастаған. Артынша Нариман Құрбанов күміс медаль иеленген еді. Қазақстан медальдар есебінде бір сатыға төмендеді. Қазір Қазақстан бір алтын, бір күміс және екі қола медальмен 26-орында. Бұл орынды Оңтүстік Африкамен бөлісіп тұр.

Қытай медальдар есебінде көш басындағы орнын ұстап тұр – 16 алтын, 12 күміс және тоғыз қола медаль. АҚШ (14-24-23) екінші орынға көтерілді. Ал Франция (12-14-15) үшінші орынға түсті.

Қазақстан көршілерінен Өзбекстанда бір алтын мен екі қола медаль бар, олар 29-орында тұр. ал Қырғызстан мен Түрікменстан әзірше жүлде еншілей алмады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: