Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

16°C

, Сенбі, 28 қыркүйек, 22:18

Елордада Сыр елінің жәрмеңкесі өтуде

28.09.2024

92

0

Астаналықтарға Қызылорда облысының төлқұжатына айналған ақ күріші, балығы мен ас тұзы, қауын мен қарбызы, ұлттық сусындары жалпы 70 жүк көлікке тиелген 80-ге жуық Сыр дихандары мен тауарөндірушілері құны 270 млн. теңгені құрайтын 600 тоннадан астам түрлі өнімдер жеткізілді.

Атап айтқанда, 300 тоннадан астам күріш, 6 тонна ет өнімі, 30 тоннадай балық өнімі, 80 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек, 180 тонна бақша өнімі, 3 тонна ас тұзы, 15 тоннаға жуық сүт және кондитер өнімі бар.

Сонымен қатар, елордалықтарға ерекше көңіл-күй сыйлау үшін Сыр Елінің өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама қойылмақ.

Елордада Сыр елінің жәрмеңкесі өтуде 1.jpg
Елордада Сыр елінің жәрмеңкесі өтуде 4.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: