Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Сәрсенбі, 04 наурыз, 21:06

Өсімдіктер карантині бойынша жүргізілетін маусымдық жұмыстар

04.03.2026

7

0

Өсімдік карантині – ауыл шаруашылығы дақылдарын қауіпті зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғауға бағытталған мемлекеттік маңызы бар шаралар кешені. Осы жүйеде химиялық өңдеу жұмыстары ерекше орын алады, себебі олар карантиндік объектілердің таралуын шектеуде және жоюда ең тиімді тәсілдердің бірі болып саналады.

Өсімдік карантинінің негізгі мақсаты – ел аумағына сырттан келетін немесе ішкі аймақтарда таралуы мүмкін карантиндік зиянды организмдердің алдын алу.

Бұл шаралар:

*Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын сақтау;

*Өнім көлемінің төмендеуіне жол бермеу;

*Экологиялық және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

*Халықаралық сауда талаптарын орындау үшін қажет;

*Химиялық өңдеу барысында келесі құралдар пайдаланылады;

*Инсектицидтер – зиянкес жәндіктерге қарсы;

*Фунгицидтер – саңырауқұлақ ауруларына қарсы;

*Гербицидтер – карантиндік арамшөптерге қарсы;

*Фумиганттар – қоймалар мен жабық кеңістіктерде зиянкестерді жою үшін;

*Бұл препараттар Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген тізімге сәйкес және нұсқаулық талаптарын қатаң сақтай отырып қолданылады.

Химиялық өңдеу жүргізу тәртібі

Химиялық өңдеу жұмыстары бірнеше кезеңнен тұрады:

1.Карантиндік объектіні анықтау және зертханалық растау;

2.Өңдеу;

Ауданымызда карантиндік объектіге жататын жатаған у кекіре, калифорниялық қалқанша сымыры, қауын шыбынына  қарсы химиялық және агротехникалық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Карантиндік объектілер ерте көктемгі-жазғы зерттеу жұмыстары арқылы анықталады. Карантиндік арамшөп жатаған у кекіреге гүлдеу сатысында өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Қауын шыбынына қарсы күрес шаралары дақылдардың түйнек сала бастағаннан бастап іске асырылады. Калифорниялық қалқаншалы сымырына ерте көктемнен бастап химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

Ақбергенов Бақытжан

ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция

 комитетінің Жалағаш аудандық

 аумақтық инспекциясының

бас маман-өсімдіктерді қорғау және карантині

                                                                                               жөніндегі мемлекеттік инспекторы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: