Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Жексенбі, 15 наурыз, 10:21

Қазақстанның еңбек ері Имамзада Шағыртаев өз таңдауын жасады

15.03.2026

21

0

Республикалық референдумға атсалысқан белсенділер қатарында Қазақстанның Еңбек Ері, сырбойылық белгілі  меценат Имамзада Шағыртаев бар.

Имамзада Қуанышбайұлы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Таң ауылдық округіндегі №136 референдум учаскесінде өз таңдауын жасады.

«Бұл референдумның маңызы зор. Елдің, өзіміз тұратын ауылдың болашағына тамшыдай болса да үлес қосамын деген әрбір адамда осындай түсінік қалыптасуы керек. Еліміз мұнан ары көркейіп, экономикасы дамып, әлеуметтің әлеуеті артады деп сенемін», – деген Имамзада Қуанышбайұлы ел болашағы үшін дауыс беру әр азаматтың борышы екенін атап өтті.

Қазақстанның еңбек ері Имамзада Шағыртаев өз таңдауын жасады1.jpg

Айта кетейік, Имамзада Шағыртаев Таң ауылының таңғажайып күйге енуіне, көркейіп-гүлденуіне маңдай терін төгіп жүрген азамат. Ел ісін елден бұрын ойлайтын ел ағасының игі бастамаларын, Таң ауылының дамуы жолындағы жұмыстарын, қайырымдылық шараларын аудан жұрты жақсы біледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: