Жалағаш кентіндегі №129 референдум учаскесінде Оразбай Бауыржан Еркебұланұлы алғаш рет дауыс берді.
Бауыржан Еркебұланұлы биыл кәмелет жасына толып, маңызды саяси науқанда өзінің азаматтық позициясын танытып, ел болашағы үшін таңдауын жасауды жөн көріпті.
– Ел болашағы – жастардың қолында» деп Президентіміз айтқандай, әрбір жастың дауыс беруі маңызды. Сол себепті саяси науқанда белсенділік таныту мен үшін өте маңызды қадам. Елімізде амандық, бейбітшілік болсын, – дейді белсенді жас.
Алғаш рет өз таңдауын жасаған жасқа сыйлық табысталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!