Ақсу ауылындағы білім ошағында орналасқан № 139 учаскеде таң сәріден саяси науқанға белсенділік танытуға келген тұрғындардың қарасы қалың. Бүгінгі референдумға ауыл жастары да өз үлесін қосуда.
Сағат тілі 08:12 мұнда 72 тұрғын өз таңдауын жасап үлгерген.
Айта кетейік, бүгінгі референдумда мұнда 978 адам дауыс бермек. Оның 2-еуі бүгін алғаш рет өз таңдауын жасамақ.
Мұнан бөлек, ауылда мүмкіндігі шектеулі ретінде 14 азамат тіркеліп, оның 5-еуі үйден дауыс бермек.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!