Жалағаш кентіндегі №31 орта мектепте орналасқан №130 референдум учаскесінде «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева бастаған аманаттықтар да өз таңдауын жасады. Партия қатары жыл сайын жастармен толығып келеді.
-Бүгін баршамыз үшін ерекше жауапты күн. Конституция мен тәуелсіздік егіз ұғым. Конституция – еліміз тәуелсіздігінің баянды болуының кепілі. Жаңа Ата заңымыздың аясында қазақ халқының ұлттық намысы мен қадір-қасиеті оянады, рухани құндылықтарымыз да қайта оралады деп есептеймін. Осындай жауапты сәтте ел болшағына сеніммен қараймыз, біз өз таңдауымызды жасадық, – деді Қаншагүл Мұстафаева.
«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ
15.03.2026
9
0
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!