Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Дүйсенбі, 16 наурыз, 23:11

 Химиялық улану дегеніміз не?

16.03.2026

8

0

Химиялық улану-адам ағзасына уытты заттардың тыныс алу жолдары,  ас қорыту жүйесі,  немесе тері арқылы түсуінен пайда болатын қауіпті жағдай. Улы химиялық заттар өндірісте, тұрмыста, ауыл шаруашылығында, сонымен қатар тұрмыстық химиялық құралдарда да кездеседі.

Химиялық уланудың негізгі себептері:

  1. Өндірістік факторлар-

Зауыттарда, шахталарда, химиялық кәсіпорындарда қауіпті заттармен жұмыс істеу

  • Тұрмыстық себептер-

Тазалау құралдарын, бояуларды еріткіштерді дұрыс қолданбау

  • Ауыл шаруашылығы-

Пестицидтер, тыңайтқыштар, гербицидтерді абайсызда пайдалану

  • Кездейсоқ жағдайлар-

Газдың шығуы, тұрмыстық апаттар, өрт кезінде улы түтіннің әсері

Уланудың белгілері:

Химиялық улану белгілері удың түріне байланысты әртүрлі болады, бірақ ең жиі кездесетіндері:

-Бас ауруы, бас айналу,

-Құсу, жүрек айну;

-Тыныстың тарылуы, жөтел, кеуде қыспасы;

-Көздің жасаурауы, қызаруы;

-Теріде бөртпе, күйдіру сезімі;

-Есінен тану, құрысу

Алғашқы көмек шаралары:

  1. Зардап шегушіні таза ауаға шығару
  2. Улы затпен жанасуды дереу тоқтату
  3. Киімін шешіп, терісін таза сумен жуу
  4. Егер у ауыз арқылы түскен болса- асқазанды шаю (дәрігердің нұсқауымен)
  5. Тыныс алу қиындаса- жасанды тыныс, оттегі беру
  6. Жедел жәрдем шақыру

Алдын алу жолдары

-Химимялық заттарды тек нұсқаулықтарға сай пайдалану;

-Қорғаныс құралдарын (респиратор, қолғап, арнайы киім) қолдану;

-Балалардан улы заттарды алыс ұстау;

-Өндірісте қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау;

-Газ жабдықтарын, тұрмыстық құралдарды уақытылы тексеріп отыру

Химиялық улану- өмірге қауіпті жағдай, оны алдын алу әр адамның жауапкершілігіне байланысты. Қауіпсіздік ережелерін сақтау, уақытылы алғашқы көмек көрсету және дәрігерге жүгіну – уланудың ауыр зардаптарын болдырмаудың негізгі жолы

Жалағаш аудандық санитариялық –эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысы Г.Аймбетова

бас маманы А.Қ.Тажмаханова

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: