Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Сейсенбі, 17 наурыз, 20:48

Ресми құжаттарға апостиль қою

17.03.2026

9

0

Сот жүйесінде сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі.

Бұл 1961 жылғы Гаага Конвенциясына қол қойған елдерде құжаттарды қосымша заңдастырусыз пайдалану үшін қажет.

Апостиль-бұл басқа елдегі кез келген ресми құжаттың түпнұсқалығын растайтын арнайы мөр.

Бұл жоғарғы білім туралы диплом, туу туралы куәлік немесе неке туралы куәлік, мұрағаттан алынған көшірмелер және басқада құжаттар болуы мүмкін.

Апостиль мөртаңбасын қою Гаага конвенциясына қосылған, консулдық заңдастыру талаптарының күшін жоюятын және жеңілдетілген заңдастыру рәсімін енгізетін елдерде құжат жолдау кезінде қолданылады.

Апостиль құжатқа қол қойған тұлғаның қолының және оның өкілеттіктерін растайтын, сондай-ақ осы құжатта бектілген мөрдің немесе мөртабанның түпнұсқалылығын қағаз түрінде немесе электрондық нысанда куәландыратын арнайы мөртаңба болып табылады.

Сот құжаттарына апостиль қою қызметін Сот әкімшілігі немесе оның аумақтық департаменттері іске асырады.

Апостиль қоюға құжаттарды тапсыру үшін; апостиль қою туралы өтініш, жеке басын куәландыратын құжат, апостиль қоюға жататын сот құжаты және мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек.

Апостиль құжаттың баратын елдің тіліне аудармасын алмастырмайтынын ескерген жөн.

Сонымен бірге құжатты жіберетін ел Гаага конвенциясының қатысушысы екені міндетті болуы тиіс.

                                                                    Жалағаш аудандық соты әкімшісінің

                                                                    басшысы А.Қ.Алтынбаев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: