Көкжөтелдің қоздырғышы ауа тамшыларымен, науқас жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде таралады.
Көкжөтел белгілері
Көкжөтел әсіресе өмірдің алғашқы айларындағы балаларға қиын. Біріншіден, балада қарапайым суықтың белгілері пайда болады: мұрынның ағуы, безгек, қалыпты жөтел. Бірте-бірте жөтел күшейіп, ұстамалы жөтелге айналады. Осы әлсірететін жөтел ұстамалары кезінде мидың қан айналымы бұзылады, оттегі ашығуы, нәтижесінде психиканың бұзылуы және әртүрлі дәрежедегі ақыл-ой кемістігі пайда болады.
Асқынулар
Көкжөтел өкпенің қабынуы (пневмония), мидың зақымдануы сияқты асқынулармен қауіпті.
Көкжөтелдің алдын алу
Көкжөтелден қорғаудың жалғыз сенімді және тиімді әдісі – вакцинация. Көкжөтелге қарсы егу 2, 3, 4 және 18 айлық жастағы балаларға көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, «В» гепатитіне, гемофильді инфекцияға және полиомиелитке қарсы бір мезгілде кешенді вакцинамен жүргізіледі. Бұдан әрі 6 жастағы балалар АбКДС күшейткіш дозасымен егіледі.
Аурудың белгілері пайда болған кезде мыналарды ұсынамын:
– уақытылы медициналық көмекке жүгіну, өзін-өзі емдемеу, тек дәрігердің нұсқауы бойынша ем қабылдау;
– бөлмені жиі желдетіп, дымқыл тазалау жүргізу;
– жөтелген кезде ауызды жабу, қолды жиі жуу;
– ата-аналарға науқас балаларды ұйымдасқан ұжымдарға, мектептер және т. б. жібермеу ұсынылады.
Вакцинация – аурудан қорғаудың жалғыз жолы, балаларыңызды уақытында вакцинациялаңыз!
Есіңізде болсын, ауруды емдегеннен гөрі оның алдын алған дұрыс!
Г.Айымбетова,Жалағаш аудандық санитариялық –эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!