Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

13°C

, Сәрсенбі, 18 наурыз, 14:29

Туберкулез

18.03.2026

11

0

Туберкулез – ежелден келе жатқан өкпе мен лимфа түйіндерінде пайда болатын  жұқпалы аурулардың және  әлемде көп таралған инфекциялардың бірі. Туберкулез – тек қана өкпе ауруы ғана емес, сонымен қатар адамның барлық ағзасының – сүйек, бүйрек, ми мен мидық қабығы, тері, көз бен басқа  да ағзалар зақымдалады. Дегенмен, өкпе туберкулезі жиі кездеседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша жыл сайын туберкулезбен 10 млн астам адам ауырады, туберкулезбен ауыратын 1 адам 15-20 адамға дейін жұқтырады.

2026 жылдың 2 айында аудан тұрғындарының арасында туберкулез ауруының 2 жағдайы тіркеліп, эпидемиологиялық жағдайы тұрақты.  2025 жылдың  қорытындысымен туберкулез ауруының 15 жаңа жағдайы мен туберкулез ауруының 7 рецидиві тіркелді. Тіркелген 15 науқастың 12-сі ересектер, 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасынан 2 науқас ,14 жасқа дейінгі балалалар арасынан (2011 ж.т.) -1 жағдай және 50,0%-ы еңбекке қабілетті науқастардың үлесінде.

Роберт Кох 1882 жылы туберкулез қоздырғышын тауып, оның жұқпалы ауру екенін дәлелдеген. Осыған байланысты жыл сайын Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні.Биылғы жылы «Иә! Біз туберкулезді жеңеміз! Қазақстан көшбасшылығымен, инновация және халықтың күшімен!»  ұранымен  24 ақпан мен 24 наурыз аралығында туберкулезді алдын алу мәселесі бойынша айлық өткізілуде.

Ауру жұқтырудың басты көзі туберкулездің ашық түрімен ауыратын, яғни сыртқы ортаға микробактериялар шығаратын науқас адам болып табылады.

Науқас адам тұратын жерде сақтық шаралары мен санитарлық талаптарды сақтау өте маңызды. Егер өкпе туберкулезімен ауыратын науқас барлық гигиеналық талаптарды сақтаса, онда ол айналасындағыларға қауіпсіз болып саналады..

Туберкулездің алдын алудың алғашқы және өте маңызды қадамы туберкулезге қарсы екпе болып табылады. Бұл екпе әрбір жаңа туылған сау нәрестеге перзентханада 2-4 күн ішінде жасалады. 2025 жылы перзентханада туберкулезге қарсы егілген сәбилер 96%-ды құрады. Екпелер балаларға аурудың жұғуы мен аурушаңдылықты төмендетуге ықпал етіп, аурудың жаппай жұғуынан сақтандырады. Туберкулезге  қарсы иммунитет жағдайын бақылау және балалардың ауруды алғаш жұқтырған сәтін анықтау үшін Манту сынамасы қойылады. Манту сынамасының зиянсыз.Туберкулинде тірі микроағзалар жоқ және салынатын мөлшерде ағзаның иммундық жүйесіне әсер етпейді.

Туберкулезді уақытында анықтау, ол үшін халықты (жасөспірімдер мен ересектер) жыл сайын флюорографиялық тексеруден өткізу

Туберкулез – бұл барлық қоғамның өзекті мәселесі, оның таралуын  білетін  әрбір адам өзінің білімін күнделікті өмірде қолдана отырып тоқтата алады.

Туберкулезбен ауырмай денсаулығымызды сақтау әрқайсымыздың өз қолымызда!Денсаулықтарыңыз мықты болсын!

Г.Айымбетова,Жалағаш аудандық санитариялық –эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: