Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Бейсенбі, 23 сәуiр, 18:48

ЖАСТАР КЕҢЕСІ ОТЫРЫСЫНДА ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

23.04.2026

12

0

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Жиынды кеңес төрағасы Дәулет Ізбасарұлы ашып, жүргізді. Отырысқа «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері, сондай-ақ күн тәртібіндегі мәселеге жауапты мемлекеттік органдар мен мекемелердің басшылары қатысты.

Кеңес отырысының күн тәртібінде 2 мәселе көтерілді. Нақтыласақ, NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамту мен жастар арасындағы интернет-алаяқтық қылмыстарын азайту және қылмыстың алдын алу мәселесі қаралды.

Мәселелер бойынша «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің басшысы Ержан Жеткерұлы мен Қызылорда облысының Полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция майоры Тлеумбетов Бағдат Алдабергенұлы хабарлама жасады.

Отырыста кеңес мүшелері NEET санатындағы жастардың жұмысқа орналасуы мен жұмыссыздық мәселесіне тоқталды. Сонымен қатар жастар арасындағы интернет-алаяқтық елімізде өршіп тұрғанын айтып, ұсыныс-пікірлерін жеткізіп, жан-жақты талқылады. Сонымен қатар «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай жастарға қатысты әрбір мәселе күн тәртібінен түспеу қажет екенін айтып, жауапты мекемелерге нақты міндеттер жүктелді.

AMANAT#ЖастарРухы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: