«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында, «Агрохолдинг» және «Жастар» бастауыш партия ұйымдарының ұйымдастыруымен ұлттық ойын – ләңгі тебуден сайыс өткізді.

Ләңгі тебу – қазақ халқының көне ұлттық ойындарының бірі. Ол ептілікке, шапшаңдыққа және дәлдікке баулып, жастарды салауатты өмір салтына тәрбиелейді. Осындай ұлттық ойындарды жаңғырту – ұрпақ тәрбиесіндегі маңызды қадам.
Іс-шараға ветеринариялық станция, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, аудандық инспекция және орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері белсенді қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!