Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

17°C

, Жексенбі, 03 мамыр, 11:44

75 ЖАСТАҒЫ АСҚАР АСТАНАҚҰЛОВ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

03.05.2026

7

0

Жалағаш кенті әкімінің сайлауында кент ардагері, 75 жастағы Асқар Астанақұлов алғашқылардың бірі болып №132 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Асқар Астанақұлов өз сөзінде ел өміріндегі маңызды саяси науқандарға әрдайым белсенді қатысып келе жатқанын атап өтті.

– Бұған дейін де көптеген саяси науқандарға қатыстық. Бүгінде халық оң өзгерістер мен жаңа бастамаларды күтеді. Сондықтан кім сайланса да, ең бастысы ел игілігі үшін адал қызмет етсе екен дейміз. Ел ертеңі үшін мен де өз таңдауымды жасадым. Мемлекетімізде әрдайым татулық пен бейбітшілік орнасын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, – деп ардагер ақ батасын берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: