Жалағаш кентіндегі №128 референдум учаскесінде Жалағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қосқан «Жалағаш ауданының Құрметті азаматы» Мирман Дина Нұржанқызы өз таңдауын жасады.
– Бүгінгі сайлау – ертеңгі тұрақтылықтың кепілі. Әрбір дауыс – кенттің келешегіне қосылған үлес. Біз, аға буын өкілдері, жастарды бейжай қарамауға, өз таңдауын жасауға шақырамыз. Себебі елдің болашағы – бірлікте, ал бірлік саналы таңдаудан басталады, – деді Дина Мирман.
Ол бүгінгі күн аудан тарихындағы маңызды күн екенін айтып, ақ батасын берді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!