Сауықтыру лагері жұмыс жасау барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 бұйрығымен бектілген «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары талаптарын басшылыққа алып жұмыс жүргізеді.
Объектілер үшін жер учаскесі құрғақ, желдетілетін етіп таңдалады. Учаске атмосфералық ауаны ластау көздерінің жел жағында болады, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауды ұйымдастыру үшін қолайлы кірме жолдары мен жағдайлары бар болады.
Объектілерді жобалау, реконструкциялау, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау және кеңейту, қайта бейіндеу кезінде және учаскеде әкімшілік-шаруашылық, тұрмыстық үй-жайлардан топтық оқшаулау қағидаты сақталады.
Объектілердің аумағын зақымданусыз қоршау көзделеді.
Объектілердің учаскесіне кіру және кіру жолдары, шаруашылық құрылыстарына, қоқыс жинағыштарға арналған алаңдарға, тротуарлар мен пандустар қатты материалдардан жасалған, тегіс, кедір-бұдырлы, саңылаусыз, қозғалыс кезінде діріл тудырмайтын, сондай-ақ сырғуды болдырмайтын, тазалау, жинау үшін қолжетімді және ыңғайлы жабынмен көзделеді.
Кулерді жуу пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес және нұсқаулықта көзделген кезеңділікпен, бірақ күнтізбелік 7 (жеті) күнде кемінде бір рет, қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үш айда бір реттен сиретпей жүргізіледі.
Балалардың объектілерде болған барлық уақыты ішінде ауыз суға еркін қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.
Жеке бас гигиенасын сақтау үшін су толтырылатын қосымша қол жуғыштардың қондырғысы пайдаланылады.
Ыстық және салқын су барлық ванналарға және раковиналарға, персонал мен қызмет көрсетілетін адамдар қолдарын жууына арналған раковиналарға, тұратын орындардағы, медициналық және сауықтыру қызметтерін көрсетуге арналған үй-жайлардағы ванналарға, себезгілерге, сондай-ақ ас блогындағы қажетті дербес технологиялық жабдыққа араластырғыш арқылы жүргізіледі.
Жасанды жарықтандыру үшін жарықдиодты шамдар, люминесцентті, энергия үнемдейтін және қыздыру шамдары, үй-жайлардың қолданылу мақсатына байланысты шамдардың түрлері қолданылады. Жалпы жасанды жарықтандыру барлық үй-жайларда көзделеді. Бір бөлмеде бір типтегі шамдар қолданылады. Шамдар плафондармен қамтамасыз етіледі.Істен шыққан шамдар ауыстырылады.Пайдаланылған құрамында сынабы бар шамдар мен аспаптарды қоқыс жинағыштарға тастауға жол берілмейді.
Объектінің аумағында сыртқы жасанды жарықтандыру, оның ішінде САҚ-та көзделеді.
Ас блогында механикалық іске қосылатын желдеткіш көзделеді. Жылу және ылғал бөлу көзі болып табылатын жабдықтың үстіне жергілікті сору жүйелері орнатылады.Барлық үй-жайларда ашылатын терезелер, желкөздер, арқылы табиғи желдету көзделеді.
БСО-да жазғы сауықтыру маусымының ашылуының алдында жөндеу-қалпына келтіру және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылады және жүргізіледі. Ағымдағы жөндеу объектілерде жыл сайын жүргізіледі.
Санаториялық объектілер авариялық ғимараттар мен үй-жайларда орналастырылмайды.Желдету үшін ашылатын терезелерге, желкөздерге, фрамугаларға жылдың жылы мезгілінде жәндіктердің кіруінен қорғайтын алмалы-салмалы торлар орнатылады. Объектілердің аумағы және қоршаудың сыртындағы оған іргелес аумақ таза ұсталады.Сауықтыру науқаны басталар алдында және әрбір ауысым аяқталғаннан кейін техникалық персонал күрделі жинау жүргізуді қамтамасыз етеді.
Қоқыс жинағыштар (контейнерлер) шаруашылық аймақта, үш жағынан қоршалған, тазалау және дезинфекциялау үшін қолжетімді су өткізбейтін жабыны бар алаңда тығыз жабылатын қақпақтармен жабдықталады. Қоқыс жинағыштар (контейнерлер) тазартылады, жуылады және дезинфекцияланады.Объектілердің аумағында қоқыс жинауға арналған урналар орнатылады.
Жағажай жеке учаскеде, порттардан, шлюздерден, су электр станцияларынан, сарқынды суларды ағызатын жерлерден, мал қоралары мен суаратын жерлерден алыс орналастырылады немесе көрсетілген ластану көздерінен жоғары орналастырылады.Жағажайды күннен қорғайтын қалқалармен, жатақтармен және орындықтармен жабдықтауға жол беріледі. Аумақта киім ауыстыруға арналған кабиналар, САҚ немесе биодәретханалар, таза ұсталатын қоқыс жинауға арналған урналар орнатылады.Жағажайлар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ойын құрылғыларымен, сондай-ақ емшараларды мөлшерлеп қабылдауға арналған солярийлермен, аэрарийлермен жабдықталады.Шомылу маусымы басталар алдында объектінің әкімшілігі су қоймаларынан суды санитариялық-химиялық, микробиологиялық, вирусологиялық, радиологиялық көрсеткіштерге зерттеуді және топырақты паразитологиялық көрсеткіштерге зерттеуді қамтамасыз етеді.
БСО-ның жатын үй-жайлары қоршалатын қатты төсегі бар бір немесе екі қабатты кереуеттермен, кереует жанындағы тумбалармен, киімге арналған шкафтармен жабдықталады. Балалардың шомылуы күнтізбелік жеті күнде кемінде бір рет жүргізіледі. Бір жатын орынға (кемінде екі) төсек жабдығы жиынтығының болуы көзделеді. Төсек жабдықтарын, сүлгілерді ауыстыру ластануына қарай, бірақ күнтізбелік жеті күнде бір реттен сиретпей және тұратын адамдар кеткеннен кейін жүргізіледі.Кір жуу объектінің кір жуу орнында жүзеге асырылады, ол болмаған кезде кір жуу арнайы кір жуу орындарында орталықтандырылып жүргізіледі. Кір жуу орнында таза және пайдаланылған киім-кешектің қарама-қарсы ағынын болдырмай, технологиялық процестің ағымдылығын сақтау қамтамасыз етіледі. Инфекциялық аурумен ауырғандардың іш киімдері жуу алдында дезинфекцияланады. Жылына кемінде бір рет төсек-орын жабдықтары (матрацтар, жастықтар, көрпелер) оларды пайдалану, бұйымдарды таңбалау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес (камералық дезинфекциялау әдісімен немесе химиялық дезинфекциялау құралдарымен қоса алғанда) залалсыздандырылады.
Ас блоктарының, қоғамдық тамақтану объектілерінің персоналы «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес жеке және өндірістік гигиенаны сақтауды қамтамасыз етеді.
Объектілерде медициналық қызмет көрсету қамтамасыз етіледі. Медицина персоналы осы Қағидалардың талаптарының сақталуына тұрақты бақылау жасайды. Объектілерде инфекциялық ауруларды тіркеу кезінде № ҚР ДСМ-84 бұйрығына сәйкес бекітілетін нысан бойынша инфекциялық және паразитарлық ауруларды есепке алу журналы жүргізіледі.
Г.Аймбетова – Жалағаш аудандық СЭБ басқарма басшысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!