2026 жылғы 26 маусымда БЖЗҚ ««БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау тақырыбында «Ашық есік күнін» онлайн форматта өткізеді.
Іс-шараның мақсаты – салымшылар мен алушыларды БЖЗҚ-ның цифрлық қызметтерімен таныстыру, сондай-ақ Қор қызметтерін қауіпсіз түрде алу және алаяқтар мен жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау туралы ақпараттандыруды арттыру.
Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы қызметтерінің біразын қашықтан және кез келген ыңғайлы уақытта алуға мүмкіндік беретін Қордың заманауи цифрлық сервистері туралы тарқататын болады.
Іс-шараның жеке блогы ақпараттық қауіпсіздік және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналады. БЖЗҚ мамандары азаматтар кездестіріп жүрген алдаудың кең таралған схемалары туралы айтып береді, сондай-ақ дербес деректерді қорғау бойынша практикалық ұсынымдар береді.
Бұдан басқа, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері сұрақтарға жауап беріп, іс-шараға келушілерге жеке кеңес береді.
Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» 2026 жылғы 26 маусымда сағат 10:00-де онлайн форматта өтеді.
Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі қажет https://enpf.webex.com/weblink/register/rc97c79d02d18da31f2f2cb10a17198c5. Содан кейін event-кеңес нөмірін енгізу 2513 762 8549 және event-кеңес паролін енгізу Qwerty123! қажет.
«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!