Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

32°C

, Сәрсенбі, 24 маусым, 13:54

Желшешек

24.06.2026

6

0

Желшешек – дене қызуының көтерілуімен, денеге және сілекейлі қабыққа ішінде сұйықтығы бар кішкентай көпіршікті сулы бөртпелер шығуымен сипатталатын жұқпалы вирустық ауру. Қоздырғышы вирус. Вирус тез таралады, бірақ сыртқы ортаға аса төзімді емес.Желшешекпен балабақшаға баратын және бастауыш сыныптарда оқитын балалар жиі, ал екі жасқа дейінгі және ересек балалар сирек ауырады. Күздің соңғы айлары мен қыстың бастапқы айларында ауру үдей түседі.Желшешек ауа – тамшы жолы арқылы таралады, яғни науқастан сау адамға сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде беріледі. Вирустық аурудың бұл түрі дені сау баланың сырқат баламен ойнап бірге жүрген кезінен 2 – 3 апта өткесін барып басталады.Вирус жоғары тыныс жолдары арқылы еніп, қанға, қан арқылы тері мен сілекейлі қабықтарға таралады. Желшешек вирусы эпителий жасушаларын зақымдайды. Ішкі мүшелерге (мәселен, көкбауыр, өкпе, ұйқы безі, бауыр, т. б.) жұғуы да мүмкін.Желшешекпен ауырып, сауыққаннан кейін әрбір ересек адамда өмір бойы тұрақты иммунитет қалыптасып, желшешекпен қайта ауырмайды. 30 жастан асқан адамдар үшін аурудың инкубациялық кезеңі – 11 – 21 күн, ал 30 жасқа дейінгілер үшін 13 – 17 күн (орта есеппен 14 күн). Ауырған адамдар бөртпелер пайда болғанға дейін 2 күн бұрын және бөртпелер қабықпен қапталғанша қаупі болады. Желшешекпен ауырған балаларда, әдетте, ауруға қарсы өмірлік иммунитет қалыптасады.

Емдеу:

Науқастарды әдетте үйде емдейді, тек аурудың ауыр түрінде немесе асқынған жағдайда балаларды ауруханаға жатқызады. Тазалық пен жақсы күтім қажет. Басқа инфекциялық аурулардың жұғуынан сақтану керек. Көпіршіктер тез кебу үшін бөртпелерге калий марганец қышқылының ерітіндісін, жасыл дәрі (зеленка) жағу керек. Бөртпелер кепкеннен кейін жылы суға жуынып, алса болады. Тамақ ішіп болғаннан кейін ауызды міндетті түрде шаю керек. Іріңді асқынулар болған жағдайда антибиотиктер тағайындалады. Бала жараның бетін қасып тастамауын қадағалаңыз. Баланың көңілін аулап, тырнағын алып тастау керек. Төсек орнын ауыстырып тұрған абзал. Ыстықтан алшақ ұстаған дұрыс. Өйткені науқас ыстықтаған сайын терлей түседі, ал тер қышуды өршіте түседі.Жалпы желшешекті емдеу науқастың жасы, денсаулық жағдайы мен аурудың ағымына байланысты жүргізіледі.Егер бала желшешектен басқа ешқандай аурумен ауырмаса, онда оны тек үйде емдеуге болады,

Аурудың алдын алу:

Белгілі бір алдын алу шарасы жоқ. Желшешекпен ауырған науқасты бөлек ұстайды. Ауру асқынбаған жағдайда, бөртпелердің соңғы элементі шыққаннан соң 6 күннен кейін бала елмен араласа берсе болады.

Г.Айымбетова – басқарма басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: