Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

33°C

, Бейсенбі, 25 маусым, 19:49

«Білім беру ұйымдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» туралы

25.06.2026

12

0

Балалардың денсаулығын сақтау және қауіпсіз білім алу ортасын қалыптастыру білім беру ұйымдарының басты міндеттерінің бірі болып табылады. Осы мақсатта мектептерге, балабақшаларға және басқа да білім беру ұйымдарына санитариялық-эпидемиологиялық талаптар қойылады.

Осыған сәйкес, білім беру ұйымдарында  санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын басшылыққа алып жұмыс жүргізеді (бұдан әрі- Санитариялық қағидалар).

Білім беру ұйымдарының санитариялық қағидалардың  жалпы ережесі мен ұғымдарында төмендегідей талаптардың сақталуы қамтылады:

Санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың негізгі мақсаты – білім алушылар мен қызметкерлердің денсаулығын қорғау, жұқпалы аурулардың алдын алу және оқу-тәрбие процесіне қолайлы жағдай жасау.

Білім беру ұйымдарының ғимараттары мен аумағы таза және күтіп ұсталуы тиіс. Аумақ жүйелі түрде тазартылып, қоқыстан арылтылып, көгалдандырылуы қажет. Ғимарат ішіндегі оқу кабинеттері, дәліздер, санитариялық тораптар және басқа да бөлмелер күнделікті ылғалды тазалаудан өткізіледі.

Оқу кабинеттерінде табиғи және жасанды жарықтандыру талапқа сай болуы керек. Бөлмелердің температуралық режимі сақталып, жүйелі түрде желдетіліп отыруы қажет. Парта мен орындықтар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес таңдалуы тиіс.

Білім беру ұйымдарында ауыз су режимін ұйымдастыруға ерекше назар аударылады. Оқушылар сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуі қажет.

Асханаларда тағам дайындау және сақтау барысында санитариялық талаптардың сақталуы міндетті болып табылады. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасына тұрақты бақылау жүргізіледі.

Балалардың денсаулығын нығайту мақсатында дене шынықтыру сабақтары, серуендеу және басқа да сауықтыру іс-шаралары ұйымдастырылады. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында медициналық бақылау жүргізіліп, профилактикалық шаралар жүзеге асырылады.

Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау білім алушылардың денсаулығын қорғауға, аурулардың алдын алуға және сапалы білім беру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан әрбір білім беру ұйымы осы талаптардың орындалуына жауапкершілікпен қарауы қажет.

Жалағаш аудандық СЭББ басшысы                         Г.Аймбетова

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: