Конституция

Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

28°C

, Дүйсенбі, 29 маусым, 14:13

Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде

29.06.2026

7

0

Қызылорда облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтарында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №114 бұйрығына сәйкес аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында мал басы, мал қоралары және буферлік аймақтарда (суаттар мен шаңлақтарда) кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын ұйымдастыру жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады.

Осыған байланысты Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасына қарасты «Жұмылдыру дайындығы және шұғыл жұмыстар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өңірдегі Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша қолайсыз деп танылған елді мекендерде кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.

2026 жылы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес, облыс бойынша 74 елді мекен қолайсыз аймақ ретінде анықталған. Көктемгі және күзгі залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен 257 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.

Облыстық ветеринария басқармасының дерегіне сәйкес, жұмыстар барысында 431 мыңнан астам ауыл шаруашылығы малы, 21 мыңнан астам мал қорасы және 705 суат пен шаңлақ залалсыздандырылды. Бұл мақсатта кенелерге қарсы жоғары тиімділікке ие «Ципертрин» ерітіндісі қолданылды.

Көктемгі кезеңдегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы атанған мердігер мекеме жүзеге асырды. Нәтижесінде залалсыздандыру шараларының орташа тиімділігі 97,8 пайызды құрады.

Қазіргі таңда күзгі кезеңдегі кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарына дайындық жүргізіліп, бұл бағытқа 106,9 млн теңге көлемінде қаржы қарастырылған. Мамандардың айтуынша, жоспарлы профилактикалық жұмыстар өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақты ұстап, аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралу қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз