Құрылтай

Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

28°C

, Сәрсенбі, 08 шiлде, 02:38

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ТҮЛЕГІ ҰБТ-ДАН 140 БАЛЛ ЖИНАДЫ!

01.07.2026

56

0

Жалағаш ауданы, Еңбек ауылы, Мардан Байділдаев атындағы №232 орта мектептің 11-сынып оқушысы Балхан Альфия Бахытбергенқызы Ұлттық бірыңғай тестілеуде ең жоғары нәтиже көрсетіп, 140 ұпай жинады.

«Алтын белгі» иегері атанған талапты түлек қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерін таңдап, ұстаздарының кәсіби қолдауы мен сапалы тәлімінің, сондай-ақ өзінің табанды еңбегі, үздіксіз ізденісі және жоғары жауапкершілігінің арқасында бұл биік белесті бағындырды.

Бұл – Альфияның, ата-анасының, ұстаздарының және білім ордасының ортақ жетістігі. Бұл жоғары нәтиже ауданымыздағы білім сапасының артып келе жатқанын, сондай-ақ дарынды оқушыларды қолдау бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстардың жемісті нәтижесін айқын көрсетеді.

Жас түлекке алдағы студенттік өмірінде мол жетістіктер, биік белестер мен барлық армандарының орындалуын тілейміз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: