Құрылтай

Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

41°C

, Дүйсенбі, 13 шiлде, 13:11

Ақмұрзаевтар отбасы қоғамдық белсенділіктің үлгісін танытты

12.07.2026

31

0

Отбасы бірлігі – елдікке деген құрметтің көрінісі. Бүгінгі сайлауда Ақмұрзаевтар әулеті азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті. Ақмұрзаев Бегалы мен Балғабаева Алтынкүл келіндерімен бірге №133 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. Бұл – отбасы мүшелерінің ел болашағына бейжай қарамай, қоғамдық жауапкершілікті жоғары қоятынын аңғартатын тағылымды қадам. Ұрпаққа өнеге болған мұндай игі іс бірлік пен ынтымақтың, елге деген жанашырлықтың айқын көрінісі. Ақмұрзаевтар отбасының бұл өнегелі қадамы тұрғындарды белсенділікке үндеп, сайлаудың маңызын тағы бір мәрте айқындай түсті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: