Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

35°C

, Жексенбі, 23 тамыз, 17:48

Өнерлі әжелер саяси науқанға үн қосты

23.08.2026

6

0

М.Шәменов ауылындағы «Асыл ана» әжелер ансамблінің мүшелері саяси науқанға әнмен келіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ақ жаулықты аналар шашу шашып, ел өміріндегі маңызды шараға өз үлестерін қосты.

Айта кетейік, биыл ауылдың өнерлі әжелерін бір арнаға тоғыстырған «Асыл ана» ансамбліне 20 жыл толып отыр. Қазіргі таңда ұжым құрамында 13 ана бар. Олардың ең үлкені сексеннің сеңгіріне шықса, кішісі алпыс жасты алқымдаған. Бесеуі – «Батыр ана» атағының иегері.

Жиырма жыл ішінде ансамбль мүшелері ұлттық өнерді насихаттап, талай мәдени шараның сәнін келтіріп келеді. Өнер ұжымының қоржынында 30-ға жуық ән бар. Белсенділігімен көпке үлгі болып жүрген ақ жаулықты әжелер – кейінгі буынға үлгі-өнеге.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: