Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:19

Қызылордада 1200 көпбалалы отбасының үйіне улы газ датчигі орнатылды

18.11.2022

292

0

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің Қызылорда облысының халқымен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Юрий Ильин министрлік жыл сайын қысқы кезеңде адамдардың қаза болуын азайту бойынша шаралар осы кезең басталғанға дейін қабылданатынын атап өтті.

Бірінші кезекте әлеуметтік осал санаттарға назар аударылады, олар көпбалалы отбасылар, мүгедектер, зейнеткерлік жастағы тұрғындар. Облыс бойынша осындай 7,5 мыңға жуық азамат есепте тұр. Оларға әлеуметтік қорғау органдарымен бірлесіп атаулы көмек көрсетіледі.

Мысалы, жергілікті атқарушы органдар және демеуші есебінен олардың үйлерінде өрт датчиктері орнатылады. Соңғы мәліметтер бойынша көпбалалы отбасылардың тұрғын үйлерінде 1200-ден астам датчик орнатылды.

«Табиғи және тұрмыстық өрттердің алдын алу жұмыстары жыл бойы жүргізіледі. Қазіргі уақытта Министрлік қызметкерлері тұрғын үй секторында белсенді түрде рейдтер жүргізуде. Біздің қарапайым тұрғындарды үйдегі бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартпайтынымызды бірден айтып кетейін. Азаматтарға жылу беру кезеңінде өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелері түсіндіріледі және пештерді орнату, электр және газ жабдықтарын пайдалану бойынша ұсынымдар беріледі», – деді Юрий Ильин.

Облыс бойынша 37 мыңнан астам тұрғын үйді аралау жүргізілді, мыңға жуық бұзушылық анықталды, сегіз жүзден астам бұзушылық орнында жойылды, қалғандары бойынша ұсынымдар берілді.

датчик.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: