Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Жұма, 27 желтоқсан, 21:18

Қызылордалық полицейлер есірткі курьерін қолға түсірді

10.12.2022

366

0

Қызылорда облысында есірткі курьерінен 40-тан астам орама тәркіленді. 

Қызылорда облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қала көшелердің бірінде аса ірі көлемде “Пирролидиновалерофенон” есірткі затын жасырын таратып жүрген облыс тұрғынын қолға түсірді.

Күдікті өзінің мобильді қосымшасы арқылы әлеуметтік желіден тапсырыс алып, оларды қала ішіндегі белгілі бір жасырын жерлерге салып отырғандығы анықталды. Қызылордалық тәртіп сақшылар оны синтетикалық бетбелгі қалдырып жатқан жерінен ұстады. Айғақ зат ретінде барлығы 42 дана синтетикалық заты бар орама алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен (Аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қызылордалық полицейлер соңғы бір ай көлемінде аса ірі мөлшердегі синтетикалық есірткі сатудың екінші дерегін анықтап, жолын кесті.

поли.jpg
наша1.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: