Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Жұма, 27 желтоқсан, 21:06

Жол картасының орындалу барысы көніл көншітеді

10.12.2022

355

0

Қазіргі таңда «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру кезек күттірмейтін міндет екенін білеміз. Себебі онда қарапайым халықтың өмір сүру қағидасына қатысты қажеттіліктер толық қамтылған. Осы бағдарламаға алға қойған мақсаттар Жалағаш ауданында қалай жүзеге асырылып жатқанын білу үшін аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жұпар Баймахановамен тілдескен болатынбыз.

– Жұпар Хамитқызы, алдымен Жол картасының орындалу барысына тоқтала кетсеңіз…

«Экономикалық тұрақты аймақ» бағыты 16 тармақты қамтиды. Бұл бағыт аясында аудан кәсіпкерлерінің жеке қаражат есебінен 2022 жылға жоспарланған жобалар жүзеге асырылуда.

Биылғы жылы Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында қысқа мерзімді оқуға 29 адам жолданып, жоспар толығымен орындалды. Төленген қаржы 6,5 млн теңге.

Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпті бастау немесе жұмыс істеп тұрған кәсібін әрі қарай дамыту бағытында 417 жоба 2 млрд 822,0 млн. теңгеге қаржыландырылып, 430 адам жұмыспен қамтылды.  

Жалағаш кентіндегі «Ақниет» дүкенінен әлеуметтік бұрыш ұйымдастырылғанын білеміз. Оның азық-түліктері нарық бағасынан төмен бе?

– Жеке кәсіпкер Байконур СПК-мен меморандумға отырған. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері (ұн, шемішкі май, қант, макарон) нарықтан төмен бағада сатылуда.

– Аграрлы аймақ болғандықтан мал шаруашылығын дамыту қолға алынған болар…

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына мал шаруашылығын дамыту бағытында мүйізді ірі қара басы (МІҚ меже-37 800 бас, нақты орындалғаны-38 206 бас) 1,1 пайызға, жылғы 37,9 пайызға, түйе 2,5 пайызға артқан. Нәтижесінде аудан бойынша асыл тұқымды малдың үлес салмағы 2 пайызға жетті. Келешекте мұнан әрі дамыту жүзеге аспақ.

– «Жайлы аудан» бағыты бойынша жасалған жұмыстарды толығырақ айта кетсеңіз? Себебі күре жолдарды жөндеу – қазіргі заманның басты талабы…

Дұрыс айтасыз. Жол жөндеу кезек күттірмейтін маңызды мәселе. Сол үшін 2022 жылы аудан бюджетіне ҚР Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт және облыстық бюджет есебінен аудандық маңызы бар Бұқарбай батыр елді мекеніне кіреберіс автомобиль жолын орташа жөндеуге – 196,6 млн теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

Аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Еңбек-Есет батыр» автомобиль жолының 17,1 шақырымын орташа жөндеу жобасын бастауға 100,0 млн теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Жоба өтпелі. 2023 жылы жобаны толық аяқтауға 196,0 млн теңге қаржысы толық шешілген.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында да бірталай көшелер жөнделетін болар? Соған тоқталсаңыз?

– 2022 жылы «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында М.Шаменов ауылындағы жалпы құны 121,8 млн.теңгені құрайтын 9 көшені орташа жөндеу жұмыстары қазіргі таңда толығымен аяқталды. Ұлттық сапа орталығынан тексеру күтілуде. Мырзабай ахун ауылындағы жалпы құны 131,5 млн.теңгені құрайтын 2 көшені күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Облыстық бюджет есебінен Аққыр елді мекеніндегі А.Ахетов және Жаңадария елді мекеніндегі Абай көшелерін күрделі жөндеуге 72,2 млн теңге қаржы бөлінді. Жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

Облыстық бюджет есебінен Жалағаш кентіндегі Конституция және Н.Апрезов көшелерін орташа жөндеуге 28,2 млн теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда Конституция көшесі толығымен аяқталды. Н.Апрезов көшесі желтоқсан айының аяғына дейін пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, 2022 жылға бекітілген аудан бюджетінен «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында алдағы жылдарға қаржыландыруға Жалағаш кенті, Бұқарбай батыр, Есет батыр, Аққұм, Ақсу елді мекендерінің инфрақұрылымын дамытуға, ішкі жолдарын жөндеуге жоба-сметалық әзірлеуге 24,2 млн теңге қаржы бағытталып, құжаттары әзірленді.

2023 жылға «Ауыл-Ел бесігі» жобасына Еңбек елді мекенінің ішкі 3 көшесін, Бұқарбай батыр елді мекенінің ішкі 3 көшесін орташа жөндеуге және Жалағаш кентінің Шәменов көшесін, Шәменов елді мекеніндегі Бұқарбай батыр көшесін күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 558,9 млн теңгеге қаржысы мақұлданды.

Кенттегі көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу де жоспарда бар болар…

– Әрине, жоспарда қарастырылған. Республикалық бюджет есебінен кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Жалағаш кентіндегі 5 көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттің ішкі заем есебінен 36,0 млн теңге қаржы бөлініп, жұмыстар толық аяқталды.

Еңбек және Есет батыр ауылдары аралығындағы көпір жұмысы да елді көптен толғандырған мәселе. Бұл қаперде бар болар…

ПК-16 көпірін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге 2021 жылға 59,7 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жоба өтпелі. Биылғы жылы жобаны аяқтауға облыстық бюджет есебінен 79,6 млн теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда көпір бетіне асфальт төселіп, көпір үстін қоршаулар орнатылып, сырлау жұмыстары жүргізілуде. Канал жиегіне темірбетон плиталар (откостар) орнатылуда. Суағарлар қойылуда. Үстіміздегі жылдың 30 желтоқсанына дейін жұмыстар толығымен аяқталады. Жоба құны 149,9 млн теңге.

Су – тіршілік көзі. Әсіресе егін еккен шаруа үшін ол маңызды.  Бұл мәселе қалай шешілуде?

Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры есебінен Жалағаш кенті Ақтерек-170 га учаскесінен су ұңғымалары және су жинау-тарату кешенінің құрылысына – 361,2 млн теңге6 Аққұм елді мекенінің су тарату жүйесінен аула ішілік су тарату желісін кеңейту, тұтынушыларға су тарату желісінің құрылысына 184,2 млн теңге бөлінді.

Сондай-ақ, Мәдениет елді мекенінің су тарату жүйесінен аула ішілік су тарату желісін кеңейту, тұтынушыларға су тарату желісінің құрылысына 140,4 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда кенттегі Ақтерек учаскесіндегі су ұңғыма кешенінің құрылыс жұмыстары 90,0 пайызға аяқталса, Аққұм елді мекенінің су тарату желісін кеңейту жұмыстары аяқталуға жақын, Мәдениет елді мекенінің кеңейту жұмыстары 90,0 пайызға аяқталды. Жобалар өтпелі. 2023 жылға жобаны толық аяқтауға қаржысы шешілген.

Газдандыру жұмыстарының жобасын де елге баян етсеңіз…

– 2022 жылы Мәдениет және өнерді дамыту орталығы, Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйі кәсіпорны, аудандық қаржы бөлімі нысандарының жылу жүйесін газ отынына көшіру үшін облыстық бюджеттен 80,2 млн теңге қаржы бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталды.

Ақсу елді мекенін орталықтандырылған газ желісімен қамтамасыз етуге жобалау-сметалық құжаттар әзірлеуге аудандық бюджеттен 2021 жылы 9,2 млн теңге бөлінді. Жобалаушы мекемесімен жоба-сметалық құжаты әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтіп, құжаттары дайын. Жоба құны 545,0 млн теңге. Облыстық энергетика басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылған.

Биылғы жылы М.Шаменов елді мекенін газдандыру жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірлеуге аудандық бюджеттен 7,6 млн теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда жоба-сметалық құжаты әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Сараптамаға дейінгі құны 660,0 млн теңге.

Сонымен қатар, 2022 жылға республикалық бюджеттен «Ауыл-Ел бесігі» жобасына қосымша қаржы қарау мақсатында ауданнан Жалағаш кентіндегі «Ақмаржан», «Күншуақ», «№19 санаториялық бөбекжай» балабақша ғимараттарының жылу жүйесін газға ауыстыру жобаларына Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін кепілдендірілген трансферт есебінен 49,9 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда «Ақмаржан», «№19 санаториялық бөбекжай» балабақша ғимараттары толық газге қосылды. «Күншуақ» балабақшасының жұмыстары жалғасуда. Үстіміздегі жылдың 30 желтоқсанына жұмыстарды толық аяқтау күтілуде.

Әлеуметтік бағдарланған аймақ бағыты бойынша жасалып жатқан жұмыстарға тоқтала кетсеңіз…

– Бұл бағытта 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 89,1 пайызға қамтуға қол жеткізілді.

Аудан мектептерінің 75,0 пайызы жаңа модификациялық кабинеттермен қамтамасыз етілген. 2022 жылы 5 пәндік кабинет (2 биология, 2 физика, 1 химия) алуға 40,7 млн теңге қаржы бөлініп, кабинетпен толық қамтамасыз етілді. 2022 жылы 5 мектепке 40,7 млн теңгеге бейнебақылау орнатылды. 2022 жылы ҰБТ-ға 358 мектеп бітірушінің 312-сы қатысты. Аудан бойынша қатысу пайызы 87,2 пайыз. Ауданның орташа балы – 81,2 балды құрады. 100 балдан жоғары жинаған 45 (14,4 пайыз) бітіруші.

Медициналық қызметтердің қолжетімділігі  көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстық құрылыс басқармасы арқылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында Таң елді мекенінде жоба құны 140,0 млн теңге болатын дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Мырзабай ахун елді мекенінде жоба құны 431,0 млн теңге, Есет батыр елді мекенінде жоба құны 410,0 млн теңге болатын дәрігерлік амбулатория құрылыстары 2023 жылға «Нұрлы жол» бағдарламасына қаржыландыруға ұсынылды.

Биылғы жылы инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мектептің үлесі 80 пайызды құрап отыр. 2022 жылы 9 млн. теңгеге 3 инклюзивті кабинетпен қамтылды.

Спорт денсаулық кепілі. Халықтың дене жаттығуымен айналысуы үшін нендей шаралар жасалуда?

– Үстіміздегі жылы облыстық бюджет есебінен стритбол алаңын салуға 11,5 млн теңге қаржы бөлініп, «Наркескен» спорт клубы ғимаратының жанынан стритбол алаңы салынып, пайдалануға берілді.

Биылғы жылы Аққыр, Бұқарбай батыр, Мырзабай ахун, Жаңаталап елді мекендеріндегі спорт алаңдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудан бюджетінен 19,0 млн теңге қаржы қаралып, жұмыстар толығымен аяқталды.

Сонымен қатар, демеушілер есебінен Жалағаш кентінің Дәуімбай учаскесінен, Бұқарбай батыр, Есет батыр елді мекендерінен балалар ойын алаңдары пайдалануға берілсе, Таң елді мекенінен жабық спорт кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

2021 жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Жалағаш кентінен дене шынықтыру және сауықтыру кешені құрылысын салуға республикалық бюджеттен  217,1 млн теңге бөлінді.  Жобаны аяқтауға 2022 жылға республикалық, облыстық бюджет есебінен 199,7 млн тенге қаржы қаралып, жұмыстар атқарылуда. Жыл аяғына дейін пайдалануға беру күтіледі.

Бұқаралық спортпен шұғылданатындар үлесі 34,0 пайызға жетті. Меже 32,0 пайыз.

Жастарға арналған аудан бағытындағы жұмыстар үлесін айта отырсаңыз…

Биылғы жылы 189 жас тұрақты жұмыспен қамтылған. Әлеуметтік салалар бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы 42 маманға тұрғын үй сатып алуға 192,9 млн теңге қаржы бөлініп, қаржысы толық игерілді.

Жастар ресурстар орталығында Коворкинг орталығында түрлі форматтағы шаралаға қатыстыруға аудан жастарының 55 пайызы қамтылды.

Ауылдық клубтарды жөндеу назарға алынған ба?

– Ауылдық клубтар мәселесі бағдарламаның бағытында бар.2022 жылы М.Шәменов елді мекеніндегі ауылдық мәдениет үйі ғимаратын күрделі жөндеуге «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында ҚР Ұлттық қорынан бөлінетін кепілдендірілген трансферт есебінен 142,7 млн теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жыл аяғына дейін жұмысы толық аяқталады.

2023 жылға «Ауыл-Ел бесігі» жобасына Мырзабай ахун, Аққыр елді мекендеріндегі 100 орындық ауылдық клуб ғимараттары құрылысының жобасы қаржыландыруға ұсынылды.

Сонымен қатар, Бұқарбай батыр елді мекеніндегі ауылдық мәдениет үйі ғимаратын күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге жергілікті бюджеттен 3,2 млн теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Қауіпсіз аудан бағыты бойынша жарықтандыру жұмыстары жанданатын болар?

– Жарықтандыру мәселесі әрдайым партия жобасының басты бағдарында. 2022 жылы облыстық бюджет есебінен Шәменов елді мекеніне кіре-беріс аудандық маңызы бар автомобиль жолын жарықтандыруға 17,2 млн теңге және Жалағаш кентіндегі Қазбек би көшесінің көше жарық шамдарын қайта жаңғыртуға 22,8 млн теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жасалуда.

– Сұхбатыңызға рахмет!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: