«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Бұқарбай батыр ауылдық округі» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен “Бақытты отбасы” партиялық жобасы аясында кездесу өткізілді. Келелі кездесуде отбасы құндылықтары насихатталып, ұлттық тәрбие , бала тәрбиесі туралы сөз қозғалды.
Абайдың «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Екіншісі білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дейді» – деген нақыл сөзі аясында өзара пікіралмасу болды.
«Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя»- деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы – жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да бақытты отбасы – барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап отбасының тәрбиесін алады деген оймен кездесуді қортындыланды.
Сонымен бірге әже-аналарымыз бала тәрбиесі, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және күнделікті өмірде қолдану бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
03.02.2023
604
0
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!