Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Жексенбі, 24 қараша, 20:05

Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өту тәртібі өзгерді

07.02.2021

426

0

Карантиндік шектеулер уақытында Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өтудің жаңа тәртібі жарияланды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өтуге уақытша шектеулер енгізіледі, келесі адамдарды қоспағанда:

  • 1. шет мемлекеттердің дипломатиялық қызмет персоналы мен олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, олардың ата-аналары мен балалары);
  • 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен Қазақстанға жіберілген ресми делегация және халықаралық ұйымдардың делегация мүшелері;
  • 3. Қазақстан Республикасында аккедиттелген халықаралық ұйымдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, олардың ата-аналары мен балалары);
  • 4. Қазақстан Республикасының қолданыстағы «С10», «В8» санатындағы визасы және қазақ ұлты туралы белгісі бар жеке басын куәландыратын құжаттары (паспорт, жеке куәлік, туу туралы куәлігі және т.б. нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге) бар этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, ата – аналары мен балалары);
  • 5. Пойыз және локомотивтік бригадалардың, әуе және теңіз кемелері экипаждарының мүшелері және темір жол тасымалдау процестеріне, жүктерді және халықаралық қатынаста жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын пойыздарды қабылдау, тапсыру және алып жүру операцияларына қатысатындар;
  • 6. қазақстандық әуекомпаниялардың қызметкерлері (мәртебесін растаған жағдайда) және олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, ата-аналары мен балалары);
  • 7. Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік трансшекаралық құрылыстарда және шектес мемлекеттердің аумағындағы қазақстандық трансшекаралық құрылыстарда қызметтік міндеттерін атқаратын және куәландырылған атаулы тізімінде бар персонал;
  • 8. Қазақстан Республикасынан жалға алынған аумақтарда орналасқан әскери құралымдар, өнеркәсіп бөлімшелері мен кәсіпорындардың құрамына кіретін Ресей Федерациясының азаматтары және олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, олардың ата-аналары және балалары), сондай-ақ әскери құралымдарға (бөлімшеге, өнеркәсіп кәсіпорынға) тиесілігі мен туыстық байланыстары расталған және Ресей Федерациясының уәкілетті мемлекеттік органдары мен ұйымдары берген жол жүру сертификаттары бар болған кезде, осы әскери бөлімдерге, бөлімшелер мен өнеркәсіптік кәсіпорындарына жіберілген Ресей Федерациясының азаматтары;
  • 9. «Байқоңыр» кешені мен Байқоңыр қаласының аумағына баратын, кешенде жұмыс істейтін, сондай-ақ Байқоңыр қаласында тұрақты немесе уақытша тіркелген мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың жұмыстың/қызметтің жарамдылығын растайтын ққұжаттарын міндетті түрде ұсынатын Ресей Федерациясының азаматтары мен олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, олардың ата-аналары және балалары).

Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер және олардың отбасы мүшелері 30 тәулік ішінде 1 рет шекарадан өте алады.

Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатындарға туыстық байланысы  расталған жағдайда (жұбайы, зайыбы, ата–аналары мен балалары) 30 тәулік ішінде 1 рет шекараны кесуге рұқсат етіледі.

Толық тізіммен мына жерден таныса аласыздар.

Қазақстан Республикасының азаматтарына 30 тәулікте 1 реттен артық емес шартымен мемлекеттік шекарадан өтуге рұқсат берілген. Бұл ереженің мына азаматтарға қатысы жоқ:

  • 1. еліміздің дипломатиялық қызметінің персоналы мен олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, олардың ата-аналары мен балалары);
  • 2. Қазақстан Республикасы Үкіметімен келісілген және шет мемлекеттердің шақыруымен баратын Қазақстан Республикасының ресми делегация мүшелері;
  • 3. қызметкер ретінде және олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, олардың ата-аналары мен балалары) мәртебесі расталған кезде – шет мемлекеттердің аумағында орналасқан Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдардың қызметкерлері;
  • 4. Қазақстан Республикасының үкіметаралық фельдъегерлік байланыс қызметкерлері, мәртебесі расталған кезде;
  • 5. поезд және локомотивтік бригадаларының, әуе және теңіз кемелері экипаждарының мүшелері және темір жол тасымалдау процестеріне, жүктерді және халықаралық қатынаста жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын поездарды қабылдау, тапсыру және алып жүру операцияларына қатысатындар;
  • 6. Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік трансшекаралық құрылыстарда және шектес мемлекеттердің аумағындағы қазақстандық трансшекаралық құрылыстарда қызметтік міндеттерін атқаратын және куәландырылған атаулы тізімінде бар персонал.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан азаматтарына үкіметтің шешімімен тікелей әуе қатынасы (тұрақты, тұрақты емес чартерлік рейстер) жанданған елдерге сапарлауға рұқсат етілді. Сондай-ақ үкіметтің шешімімен тікелей әуе қатынасы (тұрақты, тұрақты емес чартерлік рейстер) қайта жандандырылған елдердің азаматтарына Қазақстан аумағына/ аумағы арқылы кіруге немесе транзитпен өтуге рұқсат берілген. Бұл ретте Қазақстанның халықаралық келісімдерінде өзге жағдайлар қарастырылмаған болса, визалық талап сақталуы тиіс.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: