Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Бейсенбі, 21 қараша, 21:15

Халық 1, 2 және 5 теңгемен төлем жасай алмайтыны рас па?

17.05.2023

5202

0

Ұлттық банк 1, 2 және 5 теңгелік монеталардың қолданылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық банк 1, 2, 5 теңгелік монеталарды төлем құралы ретінде қабылдаудан бас тарту жағдайлары аясында мәлімдеме жасады.

«1, 2, 5, 10, 20, 50, 100 және 200 теңге заңды төлем құралы ретінде пайдаланылады. Монеталар Қазақстан бойынша төлемнің барлық түрлері үшін, сондай-ақ банктік шоттарға есептеуге және аударуға міндетті, оларды шектеусіз барлық банктер және Ұлттық пошта операторы «Қазпочта», Ұлттық банк айырбастайды», деп түсіндірді Ұлттық банк өкілдері.

Сондай-ақ ұлттық валютаның банкноттары мен монеталарын номиналды құны бойынша қабылдаудан бас тартқандар ӘҚБтК-нің 206-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: