Биыл Атырауда алғаш рет әскери бағыттағы «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Келешекте мамандығын әскери қызметпен байланыстырғысы келетін балаларға әскери бағыттағы «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты зор мүмкіндік ашады.
«Мектеп-лицейге қабылдау бойынша конкурстық іріктеу 1-2 шілде күндері аяқталды. 500-ге жуық атыраулық оқушы екі кезеңнен тұратын емтиханның бірінші күні қазақ тілі мен математикадан тестілеуге қатысып, екінші күні денешынықтыру қабілеттерін бағалау бойынша сынға түсті», деді мектеп директоры Ерлан Дайрабайұлы.
2023-2024 оқу жылында 7-8-9-сыныпқа барлығы 120 оқушы қабылданатыны белгілі болып отыр. Әр сыныпта 20 баладан білім алады, яғни, екі 7-сынып, екі 8-сынып және екі 9-сынып болады.
«2025 жылға қарай мектептегі бала санын 300-ге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Ата-аналардың, оқушылардың жедел ақпарат алуы үшін sarmat.edu.kz ресми сайтын және Facebook пен Instagram әлеуметтік желілерінде арнайы парақшаларымызды іске қостық», деп нақтылады Ерлан Дайрабайұлы.
тырау қаласына қарасты Жаңаталап округіндегі 300 орынға есептелген аталмыш мектептің облыс аудандарынан келген балаларға арналған жатақханасы да бар.
Оқушыларға 6 мезгіл тамақтану, төсек орны, әскери киім үлгілері, оқу-құралдары, спорттық жабдықтар тегін қарастырылған. Әскери бағыттағы мұндай мектеп әзірге еліміздің санаулы ғана аймақтарында бар.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!