Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

0°C

, Жұма, 24 мамыр, 14:58

БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен 6 отбасы баспаналы болды

27.07.2023

269

0

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақбұлақ ауылында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 6 отбасыға үй берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақбұлақ ауылында мамыр айында басталған құрылыс жұмыстары аяқталды.

Баспаналы болғандарды құттықтаған облыс әкімі Нариман Төреғалиев Мемлекет басшысының кез келген төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерге уақтылы көмек көрсетуге ерекше мән беріп отырғанын атап өтті.

«Қиын жағдайға қарамастан, төзімділік таныта білген тұрғындарға алғысымды айтамын. Үйлер қысқа мерзімде әрі сапалы салынды. Бұл, әрине, қуантады.», деді облыс әкімі.

Қиын кезде қол ұшын созған әкімдікке өз кезегінде баспаналы болғандар ризашылықтарын айтты.

Айта кетелік, келесі айдың ортасына таман Бөрлі ауданының 3 ауылында тағы 10 үйдің құрылысы аяқталмақ.

Бөрлі ауданы әкімдігінің мәліметінше, 175 өтініш бойынша мүліктер бағаланып, қорытынды шығарылған. Сондай-ақ «Amanat» партиясы «Ақжайық» қоры арқылы зардап шеккен 93 адамға 41 млн теңге бөлген, ал «Қызыл жарты ай» қоғамы 177 отбасына 96 млн теңгенің жәрдемін берген. Сонымен қатар аудан әкімдігі тарапынан 31 млн теңге көлемінде бір жолғы әлеуметтік көмек берілген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: